Патигүл Махсатова
Патигүл Махсатова 1959 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Диірмен ауылында туған.
1977 жылы Алматы сауда техникумын бітіріп, 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінің «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандығын тамамдаған. 1978–1980 жылдар аралығында Ұйғыр аудандық коммунал шаруашылығы мекемесінде бухгалтер, 1985–1987 жж. Алматы қаласы, Қаскелен ауданы, Заря Востока ауылындағы орта мектепте мұғалім, 1987–2000 жж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарған.
Қаламгердің ғылыми, публицистикалық мақалалары, өлеңдері, «Пәрваз», «Ізденіс», «Қәшқәр әдәбияти» журналдарында, «Уйғур авази» газетінде, «Анилар авази», «Яшлар авази», «Вәсийәт» коллективтік жинақтарда, «Өмір шындығы – шабыт көзі», «Мен махаббат құшағында» деген жеке жинақтарда жарық көрген. 8 және 10 сыныптарға арналған «Ұйғыр әдебиеті» жаңа оқулықтардың және оқу құралдарының авторы.
2001 жылдан бастап Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің докторанты, 1998 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
