Қоғабай Сәрсекеев
Қоғабай Сәрсекеев (1939-2014) - 1939 жылы 1 сәуірде Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.
Ы.Алтынсарин атындағы мектептің түлегі. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, 1963– 1967 жж. республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде әдеби қызметкер, 1967–1982 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983–1986 жж. «Кітап жаршысы» — «Друг читателя» газетінің редакторы, 1986–1990 жж. «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, республикалық Кітап таратушылар қауымдастығының президенті, 1990–2006 жж. «САҚ» АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған. Қазір «Қазақ» ұлт газетінің бас редакторы.
Алғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе – Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер», «Үш арыс», «Үш таным», «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы (1999) т.б жинақтардың авторы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Торғай қалаларының Құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясының, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның «SPІ» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясы алтын медалінің иегері.
Өмірінің соңына дейін "Қазақ" газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
