Хажымұрат Сыздықов
Хажымұрат Сыздықов 1920 жылы 18 желтоқсанда бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Қарағаш ауылында туған.
Қызылжар (Петропавл) қаласында «Қазақ коммунасы» балалар үйінде (1931–1936), кейін интернатта тәрбиеленіп, 1938 жылы сондағы қазақ орта мектебін бітіреді. Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогика институтының 1-курсында оқып жүргенде, 1940 жылы әскер қатарына алынып, Батыс Белоруссияда Брест-Литовск қаласында әскери қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысады. Жауынгерлік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін бітірген (1957). Қазақ радиосында (1946–1947), Түрксіб темір жолы басқармасының «Теміржолшы» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, тілші, «Мектеп» баспасында аға редактор (1956–1968), «Қазақ совет энциклопедиясында» аға ғылыми редактор (1968–1984) қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдері 1938 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінде жарияланды. Соғыстан кейінгі кездерде республикалық баспасөз бетінде мақала, рецензия, очерк, аудармалары жарық көрді.
Шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. В.Васильевскаяның «Айнымас күресте» (1962) туындысынан бастап, И.Буниннің «Балқарағай» жинағын, Л.Н.Толстой шығармаларының бір томдығын, А.П.Чеховтың әңгімелерін, Д.Нгуги, Е.М.Ремарк романдарын, А.Макаенок, В.Шукшин, Н.Мирошниченко пьесаларын тәржімалаған. А.Чеховтың, И.Буниннің, Р.Тагордың, О.Генридің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударды.
І дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. 2018 жылы дүниеден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
