Бекежан Тілегенов
Бекежан Тілегенов (1934–1998) 10 наурызда бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Республикалық жастар газеті «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш») бастапқы кезде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болған. 1965 жылы партиялық жұмысқа ауысып, Алматы қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. Одан кейін бірер жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. 1969 жылдан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мәдениет бөлімінде нұсқаушы, әдебиет секторының меңгерушісі қызметін атқарған.
1975–1989 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1993–1996 жж. ҚР Тіл комитетінің бөлім бастығы болған. 1969 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық бесінші кеңесіне қатысқан.
«Қазақ совет әдебиетінің интернационалдық дәстүрлері және оның ұлттық негізінің баю жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Таң нұры. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966; Көктем де ызғарлы. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Аққайнар. Роман. А., «Жазушы», 1971; Повторится ли весна. Повесть. А., «Жазушы», 1972; Олар жазда кездесті. Повесть. А., «Жалын», 1979; Белый простор. Роман. М., «Советский писатель», 1980; Уақыт. Роман. А., «Жазушы», 1981; Где тебя найти? Повесть. А., «Жалын», 1982; Время. Роман. М., «Советский писатель», 1985; Атамекен. Роман, повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1986; Қара жел. Роман. 1990; Тұйық өмірдің құпиясы. 1992; Тауқымет. 1993; Сексен алтыншы жыл. 1994; Өмір–өзен. 1991; Әдебиет – менің Отаным! 1998; Қас пен көздің арасында. 1999.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1569
28.10.2026
1518
27.10.2026
864
28.10.2026
848
26.10.2026
770
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
294
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
214
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2116
14.10.2026
1873
