Жиенғали Тілепбергенов
Жиенғали Тілепбергенов (1895–1933) Ақтөбе облысының Темір ауданында туған. Өз ауылындағы бастауыш мектептен кейін Орынборда оқып, 1915 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесіне ауысады. Оны 1918 жылы тамамдайды. Медреседегі қазақ балалары 1915–1918 жж. шығарған «Садақ» атты қолжазба журналдың Б. Майлиннен кейінгі редакторы болды. Қонжар, Қандыағашта мұғалім (1918–1920), Темірде оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі (1920–1925), Ақтөбедегі «Кедей» газеті (1925) редакторының орынбасары, Петропавлдағы «Бостандық туы» газетінің редакторы (1927–1928), Қызылордадағы ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысын басқарушы (1929), «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары, Алматыдағы қазақ мемлекеттік баспасының (1931), Темірдегі «Социалистік майдан» газетінің редакторы (1932–1933) болды.
1930 жылы «Таңбалылар» атты повесін жазды. «Перизат–Рамазан», «Тілші» пьесалары қазақтың ұлттық театрының сахнасында қойылды. Әңгімелері мен фельетондар жинағы 1969 жылы «Ізбасар» деген атпен жеке кітап болып басылды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
