Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Қайым-Мұнар Табеев
Қайыи-Мұнар Табеев 1956 жылы 5 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, «Шолпан» кеңшарында дүниеге келген.
1981 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетінің аспирантурасын социолог-заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетінің аспирантурасын аяқтаған. 2002 жылы Алматы мемлекеттік басқару институтында, 2004 жылы ҚР Президенті жанындағы қызмет академиясының мамандықты жетілдіру курсында оқыған.
Шығармашылық жолын 1981 жылы республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінен бастап, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. 1994–1996 жж. Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің кеңесшісі, 1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің бас маманы, Алматы қаласы әкімі аппараты Тіл басқармасының бас маманы, бастығы, Ішкі саясат департамент БАҚ және ақпараттық саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазір Алматы қаласы Әкімі аппараты ұлт саясаты жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
«Шырқа, керней» («Жалын», 1983), «Ар өлшемі» («Жалын», 1984), «Қатарда жүр қарт солдат» («Қайнар», 1985), «Халық қалаулылары» («Қайнар», 1987), «Байғазы» («Жалын», 1989), «Алматы. Желтоқсан – 86» («Шабыт», 1991) жинақтарында деректі әңгімелері жарияланды. «ХХ ғасырдың обасы» («Қазақстан», 1989), «Үш күннің дерекнамасы» («Дәуір», «Науан хазірет» баспалары, 1993), «Мұзда жанған алау» («Дәуір», 1993), «Қайсар рухты қазақ» («Атамұра», 1994), «Қазақтың желтоқсаны» («Дайк-пресс», 2006) атты кітаптары жарық көрді.
1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылған Адам құқын қорғау комиссиясының жауапты хатшысы, 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және Алматы қалалық атқару хатшылығының меңгерушісі болып сайланған.
1990 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді. Республикалық баспасөз конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жас зерттеушілерге арналған және «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық» журналдары, «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері ұйымдастырған тарихи тақырыптық конкурстардың жеңімпазы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1990), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1994) лауреаты. «Астанаға 10 жыл» медалімен, бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
858
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
850
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
777
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
698
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
605
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
479
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
337
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
306
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7957
Қос шынар
25.11.2024
1942
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1678
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1622
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1390
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1350
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1300
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1120
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1112
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
1043
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
991
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
951
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
857