Асқар Тоқмағамбетов
Асқар Тоқмағамбетов – 1905 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл молдасынан алған. 1983 жылы 21 тамызда дүниеден өтті.
1924–1926 жж. Ташкенттегі политехникумда оқыған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакциясында істеген. 1932 жылы Мәскеу Журналистер институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» (1927–1930), «Ленин жолы», (1933–1934), «Қазақ әдебиеті» (1934–1935), «Социалистік Қазақстан» (1937–1944) газеттері мен «Ара» журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болды.
1924 жылы «Ленин суретіне» деген тұңғыш өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде басылған. 1928 жылдан бастап өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары сан рет жеке кітап болып басылып шықты. «Екі заң», «Сайлау», «Алдар көсе», «Бір семья» деген пьесалар жазды. Әсіресе мысал жанрына мол қалам тартқан.Үш мәрте Еңбек Қызыл Ту және І дәрежелі Отан соғысы, Октябрь Революциясы ордендерімен және медальдармен, бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Таңдамалы шығармалары. Өлеңдер, поэмалар. Алғы сөз жазған Ғ.Мүсірепов. А., ҚМКӘБ, 1956; Екі томдық. Өлеңдер, поэмалар, сықақтар және мысалдар. А., ҚМКӘБ, 1962; Тырналар, сұлу тырналар. Өлеңдер мен сықақтар. А., «Жазушы», 1965; Алтын жапырақтар. Таңдамалы сықақ өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975; Төрт томдық шығармалар жинағы. А., «Жазушы», 1982–1984.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
