Шота Уәлиханов
Шота Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Көкшетау өңіріндегі Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген.
1956 жылы Мәскеуде архитектура институтын бітірген соң, «Казгорстройпроект» жобалау институтында архитектор, содан кейін КСРО Құрылыс және сәулет академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер, Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары, республикалық Мәдениет және тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, «Казграждансельпроектінің» Бас сәулетшісі, 1973–1982 жж. Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы, КСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы, 1990–1995 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында өнер және сәулет бөлімінің меңгерушісі болған. 1995 жылдан осы кезге дейін Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы орталық кеңесінің төрағасы әрі Халықаралық Абылай хан қорының президенті.
«Ақ нұр» (1982), «Тағдыр» (1984, үшінші жүлде алған), «Террор» (1998), сондай-ақ «Жас Шоқан», «Шоқанның ақ түні» т.б. пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. 1965 жылы «Таспен жазылған симфония» атты повесі жарық көрген. Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1999), Халықаралық Шығыс елдері сәулет өнері академиясының академигі (2001), профессор (1998), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970), Республиканың Еңбек сіңірген сәулетшісі. ҚР Сәулетшілер, Суретшілер одақтарының мүшесі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің, Астана қаласындағы Кенесары ескерткішінің (2001), Семейдегі атом құрбандарына арналған монументтің (2001), Көкшетаудағы Талғат Бигельдинов бюстінің – барлығы 20 шақты ескерткіштің авторы (өзгелермен бірлесіп). ҚР елтаңбасы авторларының бірі. Әлемдік Шыңғысхан академиясының Құрметті президенті (академигі).
«Құрмет» орденімен марапатталған. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2001).
2021 жылы 31 наурызда Алматы қаласында дүниеден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
