Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Сабыржан Шүкірұлы
Сабыржан Шүкірұлы 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Достияр мекенінде туған.
1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1972 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тамамдаған.
1959–1961 жж. Оңтүстік Торғай кен зерттеу және барлау экспедициясында топографиялық отрядта аға құрылысшы, Жангелдин аудандық байланыс торабында телефон монтері, аудандық қамсыздандыру бөлімінде инспектор, 1961–1965 жж. аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі, 1965–1970 жж. Жангелдин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Торғай облыстық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет еткен.
1974–1988 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі, аға тілші, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, 1990 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары, 1991 жылдан «Сұхбат» және «Партия» хабаршылары біріккен редакциясының Бас редакторы, 1992 жылдан «Сұхбат» экономикалық апталығының Бас редакторы, 1996 жылдан «Ана тілі» ұлт апталығында шолушы, бөлім редакторы, Бас редактордың орынбасары, 1998 жылдан «Ана тілі» ұлт газетінде Тіл және этнография бөлімінің редакторы, 1991–1992 жж. Қазақстан социалистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, басылымдардың Бас редакторы, «EURASIA» Республикалық газетінің Бас редакторы қызметін атқарған.
1966–1970 жж. Жангелдин аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, аудандық Кеңес депутаты, Қостанай облыстық Комсомол Комитетінің мүшесі болған. Қазақстан комсомолының ХІ және ХІІ съездеріне делегат болып қатысқан.
1964 жылдан КСРО, қазір Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен, 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.
1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің жүлдесін, 1989 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алған. 1993 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
«Тамаша өмір» (1986), «Шақшақ Жәнібек» (1997) атты деректі әңгімелер, «Нақпа-нақ» (2000) ой түйіндері, «Рухани өріс кернеуі» (2001) әдеби сын-зерттеу және «О заманда бұ заман» атты публицистикалық кітаптары жарық көрген.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
804
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
795
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
678
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
633
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
547
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
413
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
267
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
263
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899