Арман Қани
Қани Арман – 1954 жылы 22-ақпанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Атасы Қани – Арқаның әйгілі күрескер ақыны Мәдимен ағайын, әжесі Кәсіп – «Үш Жүзге аты мәлім Жаяу Мұсаның» қызы. Арман бала кезінен бастап өз жұрты мен нағашы жұртындағы сол екі ақынның өмірі мен өнерниетін өнеге тұтып өскен.
1969 жылы өзі оқитын №3 мектеп-интернатта ұлтшыл жасөспірімдердің «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйымын құрып, жұртшылықты отаршылдыққа қарсы бас көтеруге шақырған үнпарақтар таратып, өлеңдер жазған. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК-КГБ) облыстық басқармасы ұйымды әшкерелеген соң бірнеше серігімен бірге жазалау шараларына ұшыраған: «Ұлттық саясат мәселелеріндегі өрескел қателіктері үшін» деген айыппен комсомол қатарынан, мектептен шығарылған. Сөйтіп, кәмелет жасына жетпей «саяси сенімсіз» адамдар санатына жатқызылып, білім алу құқы мен баспасөз бостандығына шектеу қойылған. Соның салдарынан ұзақ жылдар бойы қара жұмыс істеген.
Арман Қани орта мектепті де (1976 ж.), жоғары оқу орнын да (ПМУ-дың филология факультеті, 1995 ж.) өз құрбы-құрдастарынан көп кейін, сырттай оқып тамамдаған. 1990 жылдардың бас кезінен бері бұқаралық ақпарат құралдарында журналистік қызмет атқаруда.
«Ар алдында» (Павлодар, «ЭКО» – 2001 ж.), «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар» (Павлодар, «ЭКО» – 2004 ж.) «Шындықпен бетпе-бет» (Алматы, «Қазақпарат» – 2006 ж.), «Жұлдызды тұман» (Павлодар, «Кереку» – 2008), «Сен және мен» (Астана, «Фолиант» – 2012), «Үйлесім» (Павлодар, «Brand print» – 2014) жыр жинақтары жарық көрген.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1569
28.10.2026
1520
27.10.2026
864
28.10.2026
848
26.10.2026
770
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
294
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2116
14.10.2026
1873
