Думан Рамазан
Жазушы, журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург Думан Әмірғалиұлы Рамазан 1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Абай (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген. 1985-92 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде оқыған. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. 1988-96 жылдары республикалық «Халық кеңесі» газетінде, 1996-2006 жылдары «Қазақ әдебиеті» әдеби басылымында қызмет істеген. 2007-2009 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі және 2009-2016 жылдары «Әлем әдебиеті» журналының жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік басылымы – «Жұлдыз» журналында қызмет істеген. Қазір шығармашылық демалыста.
«Көкжал» (Астана. «Елорда» баспасы, 2001), «Хан Кененің қазасы» (Алматы. «ҚАЗақпарат» баспасы, 2002), «Алланың әмірі» (Алматы. «Жазушы» баспасы, 2008), «Жылап аққан тамшылар» (Алматы. «ҚАЗақпарат» баспасы, 2011), «Көктамыр» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2013), «Абылай ханның арманы» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2014), «Пешене» (Алматы. «Дәуір» баспасы, 2020), «Тақ» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2021), «Дәрмене» (Алматы. «Дәуір» баспасы, 2022), «Жошы хан» (Алматы. «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2023), «Көш» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2023), «Жан» (Алматы. «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2023), «Жошы хан» (Алматы. «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2023) атты кітаптардың авторы.
«Абылай ханның арманы», «Кенесары-Күнімжан», «Керей – Жәнібек», «Жошы хан», «Әзірет Сұлтан», «Тасмаңдай», «Бейуақ», «Қанатталды» атты драмалық шығармалары бар. 2010 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында және 2011 жылы Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында, 2012 жылы Ш. Құсаинов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Кенесары-Күнімжан» пьесасы сахналанды. Аталмыш тарихи драма 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде (Қ. Қуанышбаев театры) «Ең үздік драма» атанды. 2012 жылы Түрік елінің астанасы Анкара мен Ыстамбұл қалаларында «Кенесары-Күнімжан» драмасы түрік тілінде қойылды. Ал 2013 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында, 2015 жылы Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрларында және 2020 жылы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасы сахналанды. Ал 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Керей – Жәнібек» атты тарихи драмасы қойылып, іле-шала өткен Республикалық театр фестивалінде аталмыш туынды «Ең үздік спектакль» атанып, бас жүлдені иеленді. Сол жылы «Керей – Жәнібек» тарихи драмасы Б. Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрында сахналанды. 2018 жылы «Қанатталды» тарихи драмасы Қарағанды обылысында сахналанып, облыстық театрлар фестивалінде бас жүлдені қанжығасына байлады.
2023 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Жошы хан» тарихи драмасы сахналанды. Қойылымның тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, көрермен ретінде тамашалап, оң бағасын берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2021). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2014) және Қазақстан Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының (1993) лауреаты. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың (2005) және «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Алтын қалам» байқауының бас жүлдегері (2010), «Балауса» бәйгесінің бірінші орын иегері (2013). «Астана – ардағым» сыйлығының проза аталымы бойынша және «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының драматургия аталымы бойынша бас жүлдегері (2017). «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының екінші орын иегері (2019). Алматы қаласы әкімі сыйлығының драматургия аталымы бойынша бас жүлдегері (2021).
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпазы (2024).
«Түрік дүниесінің ең үздік драматургі» құрметті атағы берілді. Түркия. ТҮРКСОЙ. (2025)
2010 жылы «Көш» әңгімесі «Жылдың ең үздік прозасы» атанса, 2012 жылы «Кенесары-Күнімжан» тарихи драмасы «Жылдың ең үздік драмалық туындысы» деп танылды.
2014, 2023, 2024 жылдары «Жыл-драматургі» атанды.
2020 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және 2024 жылы түркі мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі үшін ТҮРКСОЙ медалімен марапатталған.
Мемлекеттік және Президенттік стипендият.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды