Рахымжан Отарбаев
Рахымжан Отарбаев (1956-2018) 19 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында туған. 1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген. Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетінде редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радиотелевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметтерінде болған.
Жазушының әр жылдары «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған. Махамбет сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Айтматов академиясының академигі.
Көп оқылғандар
02.10.2026
1510
05.10.2026
1465
05.10.2026
1441
07.10.2026
1389
02.10.2026
1199
02.10.2026
869
02.10.2026
665
03.10.2026
629
02.10.2026
574
05.10.2026
508
05.10.2026
484
08.10.2026
435
03.10.2026
399
08.10.2026
284
18.09.2026
3157
21.09.2026
3137
25.09.2026
3045
17.09.2026
2811
29.09.2026
2261
16.09.2026
2059
28.09.2026
1957
20.09.2026
1921
12.09.2026
1903
30.09.2026
1874
27.09.2026
1733
25.09.2026
1594
11.09.2026
1552
09.09.2026
1520
02.10.2026
1510
