Адам Мекебаев
Адам Мекебаев (1940-2014)
1940 жылы 19 сәуірде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Ақжар» кеңшарында дүниеге келген.
1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1987 жылы Мәскеудегі Дүниежүзілік әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірді.
1965 жылы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1966 жылдан Қызылорда облыстық мәдениет басқармасында жұмыс істеп, 1971–
1974 жж. аралығында Қызылорда облыстық Халық творчествосы үйінің директоры қызметін атқарды. 1974–1975 жж. республикалық «Қайнар», 1975–1981 жж. «Жазушы» баспаларында редактор болды. 1981–1982 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, 1983–
1984 жж. Қазақ КСР мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі, 1987–1992 жж. «Жұлдыз» журналында, 1992 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарды. Қазір «Ақиқат» журналында қызмет істейді.
«Жадыра», (1970) «Жезтырнақ» (1973), «Аңызақ» (1978), «Құпия қойма» (1979), «Бойжеткен» (1982), «Айтылмай қалған аңыз» (1990) секілді оннан астам повестің басын құрған проза кітаптары мен «Періште келіншек» (1982), «Жер кіндігіндегі апат» (1992), «Дауылды жер» (1988), «Қазына сыры» (1994) романдарының авторы. 1985 жылы Мәскеудегі «Советский писатель» баспасынан «Лебединая печаль», 1987 жылы «Суховей» повестер жинағы орыс тілінде жарық көрген. «Құпия қойма» романы (2008), «Сырдария кітапханасы» сериясымен екі томдығы (2009) жарық көрді.
«Ерен еңбегі үшін» (2001) және Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған, Халықаралық «Алаш» әдеби (2005) және С.Сәдуақасов атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты.
2014 жылы 8 ақпанда дүниеден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
