Омарғазы Айтанұлы
Омарғазы Айтанұлы – 1931 жылы 20- қарашада бүгінде Қытай қармағындағы Тарбағатау аймағы, Толы ауданының Майлы тауында туылған. Орта мектіпті үздік бітіріп заман талабына сай ұстаздық қызметін атқара жүріп, 1957 жылы Шынжаң иниститутының әдебиет факультетін бітіріп шыққан талант иесі «Шұғыла» журналына редактор болып тағайындалады. Өкінішке орай, солақай саясат салдарынан жалынды жастың жұлдызды шағы бұлтқа оранып, көп боздақтың қатарында тас түрмеге айдалып кете береді. от шайнаған жастығында опық қапқан ақын осылайша өмірінің жирма жылдан астам уақытын қытай саясатының құрбанына шалады. Осылайша тар есік, тас босағада айдауда болған ақын, 1978 жылы ақталып туған елімен қауышып, қарагер қаламын қайтадан қолға алады. Ой-өрісі шыңдалып, қаламы төселген шағында, 1988 жылы кәсіптік жазушылыққа шығады. Ол Жұңго жазушылар қоғамының мүшесі, Шынжаң жазушылар қоғамының бұрынғы тұрақты жорасы, Шыңжаң фольклор қоғамының мүшесі, мемлекеттік үздік редактор, I- дәрежелі кәсіптік жазушы. Қажырлы қаламгер 1992 жылы 26-сәуірде Үрімжіде қайтыс болады.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1662
05.10.2026
1545
05.10.2026
1529
08.10.2026
1429
09.10.2026
1337
08.10.2026
803
08.10.2026
675
05.10.2026
649
09.10.2026
588
05.10.2026
548
09.10.2026
511
09.10.2026
212
18.09.2026
3167
21.09.2026
3153
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2286
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1902
27.09.2026
1749
07.10.2026
1662
25.09.2026
1614
11.09.2026
1569
05.10.2026
1545
