Хасан Сәбитұлы (Асан қайғы)
Аты аңызға айналған түрлі фольклорлық деректер бойынша бізге мәлім болған белгілі ақын, философ, әрі саясатшы халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлы 1361-1370 жылдары Еділ өзені маңында дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «ұлы даланың философы» деп атаған. Тарихи аңыздарға сүйенсек, Асанның әкесі құс баптаған саятшы болған.
Революцияға дейінгі қазақ тарихшыларының мәліметтері бойынша, Асан қайғы Алтын Орда ханы ұлық-Мұхаммедтің ықпалды нөкерлерінің бірі болған. XV ғ. 20-шы жылдары ұлық — Мұхаммедтің Алтын Ордадан қуылғанына қарамастан, Асан Қайғы өзінің билеушісіне сенімін жоғалтпаған. Артынан ұлық Мұхаммед Қазанның билеушісі болған жылдары оның кеңесшісі қызметін атқарған. Билеушісі қайтыс болғаннан кейін Асан Дешт-Қыпшаққа қайтып оралады.
1450 ж. Әбілқайыр ұлысында саяси күрес өршіген тұста Асан ханға қарсылас Керей мен Жәнібек сұлтандар жағын қолдаған. 1455 ж. бүлікшіл сұлтандар Шу өзені бойында Қазақ хандығының негізін қалағанда, Асан жаңа хандықтың басты идеологына айналған еді.
1465 ж. Қазақ хандығы өзінің билігін Орталық және Солтүстік-Батыс Қазақстан жерлеріне дейін кеңейткен тұста, жүзді еңсерген Асан қайғы әлі де тірі болған болуы керек. Халық ауызында «ақын ұзақ өмір сүріп, Сары-Арқада ұлытау маңында дүниеден өткен», — деген сөз қалған .
Асан қайғының атынан жарық көріп жүрген үш шығарма жайлы ақынның шығармашылығын зерттеп жүрген зерттеушілер арасында біртұтас пікір қалыптаспаған. Асан қайғының өлеңдері ауыз әдебиет шығармалары үлгілеріне жақындығымен ерекшеленеді. Асан қайғының авторлығына күмән туғызбайтын шығармалары бүгінде қазақ поэзиясы антологиясы қатарында орын алған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2406
28.10.2026
2316
26.10.2026
1602
27.10.2026
1004
26.10.2026
831
27.10.2026
830
29.10.2026
711
29.10.2026
667
28.10.2026
571
28.10.2026
559
29.10.2026
448
28.10.2026
448
24.10.2026
407
25.10.2026
401
21.10.2026
4396
22.10.2026
4264
20.10.2026
3392
07.10.2026
3304
15.10.2026
3219
20.10.2026
2936
09.10.2026
2896
16.10.2026
2584
28.10.2026
2406
28.10.2026
2316
05.10.2026
2309
09.10.2026
2302
08.10.2026
2138
15.10.2026
2130
