Қази Данабаев
Қази Соңғыбайұлы Данабаев 1951 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келді. Қызылордадағы Н.В. Гоголь атындағы педогогикалық институтын бітіргенен кейін 1971 жылы еңбек жолдын туған ауылында мектеп мұғалімі болудан бастады. 1979 жылдан бері қарай Қызылорда облыстық кәсіподақтары шығармашылық ұйымының әдіскері, сонан соң директор қызметін атқарды. 1984 жылдан облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің аға редакторы болды. 1989 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың кеңесшісі, редакция алқасының мүшесі болды.
Ол бірнеше мәрте облыстың үздік журналисі болып танылды. М.Шоқай атындағы сыйлықтың лауреаты, облыс әкімінің 2006 жылғы стипендианты атанды.
Қази Данабаев журналистика салаымен қабат ғұмыр бойына көркем шығармашылықпен айналысты. Оның қаламынан туған «Гүлдәурен», «Ақ кептер» хикаяттары кітап болып басылды. Тұңғыш өлеңдері «Көктем тыныс», «Дария жыры» жинақтарына енді. Сыр елінің танымал тұлғалары туралы оншақты деректі кітап шығарды. Республикалық «Жалын» баспасының екі мәрте жабық жүлдесін жеңіп алды. Шығармашылық еңбегі «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Сағыныш екен бала кез» атауымен кітап болып шықты.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1028
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
