Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Әбу-Хамид Әл-Ғазали

Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Әбу Мұхаммад әл-Ғазали Әбу Хамид Мұхаммад бин Мұхаммад ат-Туси әл-Ғазали (1058 — 1111) — аса ірі діндар, философ және факихші (мұсылмандық құқық білімпазы). Тус қаласында (Хорасанда) туған, Нишапурда әл-Джувейнидің ( имам әл-Харамайн) шәкірті болған. Ұстазы қайтыс болған соң, 1085 жылдан бастап салжұқ уәзірі Низам әл-Мүлктің жанында болады. Ол мұны 1091 ж. Бағдатта өзі негізін қалаған Низамия медресесіне фикхтан дәріс беретін ұстаз етіп тағайындайды. 1095 ж. исламшылар Низам әл-Мүлкті өлтіргеннен кейін Әбу Мұхаммад әл-Ғазали қажылық сапарды сылтау етіп, Бағдатты тастап кетеді де, 11 жыл бойы Шамда (Дамаск), Туста т.б. бірқатар қ-ларда болады. 1106 ж. Низам әл-Мүлктің ұлы Фахр әл-Мүлктің (салжұқ сұлтаны Санжардың тұсындағы уәзір) шақыруымен Нишапурдағы Низамийа медресесінде сабақ бере бастайды. Қайтыс болардан аз ғана бұрын туған жері Тусқа қайтып оралады.
Әбу Мұхаммад әл-Ғазали адамдарды танымдық қабілеттері бойынша “қалың бұқара” (әл-һамма, әл-һауамм) және “таңдаулылар” (әл-хасса) деп екі топқа бөлді. Діни дәстүрлер соңынан көзсіз еретін қарапайым қауым мен ислам қағидаларын қорғаумен ғана шектелетін мутакалимдерді ол алғашқы топқа жатқызды. 2-сіне — ең алдымен сенімді дәлелдер мен дәйектемелер көмегі арқылы ақиқатқа жетуге тырысатын философтарды ендірді. Сонымен қатар “таңдаулылар” қатарына тұрмыс-тіршілік мәнін логикалық қисындардан бұрын түйсік арқылы түсінетін сопылар да кіргізілді. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали сопылықтың өзін-өзі жетілдіру бағытынан оның пайдалы жақтарын көрді, бірақ сопылар ұсынған құдаймен онтологиялық бірлікке жету бағдарын теріске шығарды. Өйткені ол “бірлікке жетуді” ең жоғары танымдық күш-қуат — зерде түйсігі арқылы құдіретті пайымдау нышаны ретінде ғана таныды. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали бірқатар шығармаларында әлемнің мәңгілігі проблемалары, себептілік теориясы т.б. бойынша мұсылман философтарымен, Шығыс аристотелшілері өкілдерімен (Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина т.б.) пікірталасты өрістетті. Философтар көзқарастарына түсініктер жазып, олардың іс жүзінде мұсылман әлеміне таралуына себепкер болды. Ол өзінің басты еңбегі “Ихйа улум әд-динде” (“Діндегі ғылым сәулесі”) діни-филос., этика қағидаларын саралап, онда суннит дәстүршілдігі қағидаларын сопылық түсініктермен үйлестірді (мысалы, шариғатта көрсетілген ғұрыптарды сопылық дәстүрлермен толықтырды). Адам еркі мен жазмыш туралы мәселеде Әбу Мұхаммад әл-Ғазали “таңдап алу” ұғымын (касбаны) дамытады, оған сәйкес адам Алланың ұсынған жақсы-жаман әрекеттерінен өзіне қажетін таңдап алуына ерікті екендігін, бірақ соған орай жауап та беретіндігін айтады. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали мұсылмандық ақыл-ойдың дамуына, сондай-ақ орта ғасырлық еуропалық философияға зор ықпал жасады. Әбу Мұхаммад әл-Ғазалиды әдетте худжжат әл-ислам (ислам дәйекшісі) деп атайды.

Көп оқылғандар
Роман неге жазылмай жатыр?
18.05.2022
824
Елдос Еміл. Көкмойнақтың тағдыры қазақтан арылған жоқ
20.05.2022
645
«Бір тостаған сұңқыл...»
16.05.2022
543
Ханзада Байбақты. Алматы
17.05.2022
470
2021 жылдың әдеби жыл қорытындысы
20.05.2022
342
Эрих Мария Ремарк. Махаббат декадансы
20.05.2022
248
Бақытжан Қанапияновтың сара жолы
20.05.2022
208
Оразақынның «Қара өлеңі»
20.05.2022
193
Мөлдір бұлақ немесе Роза Сейілхан болмысы туралы бір үзік ой
27.04.2022
1545
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2022
1500
Мұхаммед Салихтың жыр жинағы жарық көрді
25.04.2022
1281
Қос-қос басқан, қос басқан
28.04.2022
1214
Жыланның тілін білген...
06.05.2022
1158
Қазақтың сыбызғышылық өнері туралы
25.04.2022
1043
Файзулла Төлтай. Даналықты даулай бермей, диуана боп көр өзің
29.04.2022
1032
Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды
05.05.2022
1019
Жылқы аттас фамилия
26.04.2022
984
Салауат Кәрім. Кемеңгердің соңғы сапары
25.04.2022
931
Салауат Кәрім. Кемеңгердің соңғы сапары (2-бөлім)
05.05.2022
862
Қағаз кітаптың тағдыры
25.04.2022
857
Машан батырдың ел басқаруы
06.05.2022
844