Кәкімжан Қазыбаев
Кәкімжан Қазыбаев 1929 жылдың 10 мамырында Алматы облысы, Сарқант ауданындағы Ағарту совхозында, қазіргі Қазыбай Кәкімжан ауылында дүниеге келген. Жансүгір ауданының Ақсу орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозда есепші болудан бастаған. 1952 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік аяқтаған.
Әр жылдарда республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде редактордың орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, хатшысы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, КазТАГ-тың директоры, «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы болып қызмет еткен. Қазақстан Компартиясының хатшысы болып сайланып, ҚКПОК Бюро мүшесі болған.
Кәкімжан Қазыбаев Қазақстан Компартиясының ХІІІ, ХІҮ, ХҮ сьезінің делегаты, Тексеру комитетінің мүшесі болған. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, мақтау грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Оның қаламынан туған көптеген мақалалар мен очерктер, көркем әдеби және публицистикалық туындылар, «Кернеген кек», «Құпия», «Ызғар», «Сұрапыл», «Октябрь өрендері», «Ақиқатқа ар серік», «Аманат», «Қышыма» атты романдары мен повестері оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған. Орыс тілінде «Изморозь», «Наказ», «Советский Казахстан» және «Қара сел» атты үш актілі пьеса жазған. Қаламгер жайында «Көзден кетіп, көңілде қалған», «Азамат еді еңселі» деген атпен естелік кітаптар шыққан.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
