Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Г
Гүлсім Оразалықызы

Гүлсім Оразалықызы

Гүлсім Оразалықызының балалық және жастық шағында ешқандай ерекшеліктер болған емес, ол ауылда туылып, әдеттегі ауыл адамдары арасында өсті. Отбасында жалғыз бала болды. Ауылда 8-сыныпты аяқтап, тоғызыншы және оныншы сыныптарда Түркістан қаласындағы Ленин атындағы мектепте оқыды. Ол басқа балалар сияқты жоғарғы білім алуды армандады. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1979 жылы аяқтады.

Гүлсім С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрының халық әртістері Жәмила Шашкинаның, Қарағандыбай Сатаевтің, Әсия Аблаеваның, Рамазан Баймағанбетовтың…, сонымен қатар республикада танымал әншілер Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтің, композитор Ғазиза Жұбанованың, дирижер Төлепберген Абдырашевтің шығармашылық портреттерін жазды.

Сонымен қатар ол академиктер: Ебіней Букетовтың, Төрегелді Шармановтың, Мұхтар Өтебаевтің, Зейнолла Молдахметовтың шығармашылық портреттерін жазды. 1989 жылы жазылған Зейнолла Молдахметов туралы мақаласы жылдың ең үздік мақаласы болып танылып, Гүлсім облыстық газеттің лауреаты атанды. Сонымен қатар Гүлсім облыстық өнер қызметкерлері туралы да, мысалы әнші Құралай Шәймерденова, сыбызғышы Бекболат Байсағатов (қазір облыстық мәдениет басқармасының бастығы) туралы жазды.

Гүлсім қазақ тілі мәселесін алғашқы рет көтергендердің бірі болды. Ол кезде Қарағанды облысында тек бір ғана қазақ мектебі болатын.
Алматыда 1990-1993 жылдар аралығында Гүлсім Оразалықызы «Жалын» республикалық жастар журналының критика бөлімін басқарады, содан кейін 1993-1996 жылдар аралығында ол ағылшын тілінде шығатын «Қазақстан» халықаралық газетінің мәдени бөлімін басқарады.

Гүлсім Оразалықызының шығармашылығы қазақ халқының дана ұлдарына арналған библиографиялардан тұрады. Біз жастарға «отаншыл болыңдар» деп жиі айтамыз, бірақ Гүлсімнің «Нұртас Оңдасынов», «Табын Оржанов», «Шахмардан Есенов» атты кітаптары отаншыл болу деген не екенін, халықты қалай сүю керектігін, ұлттың болашағын ойлауды және оған қамқор болуды сипаттайды. Өйткені осы кітаптардың басты кейіпкерлері Қазақстан тарихына аттары алтын әріппен жазылатын, тарихта өшпес іздерін қалдырған, еліміздің ардақты азаматтары.

Гүлсім «Нұртас Оңдасынов» атты ғылыми еңбегі үшін Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды (2008 жыл). Ол «Жалын» журналының Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлығының лауреаты (2010 жыл).

Көп оқылғандар