Абдолла Жұмағалиев
Абдолла Жұмағалиев – қазақтың ақыны. 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған. 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған. 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан).
Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын жазды (1943). Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген. 1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Ол “Токиодағы дауыс”, “Шығыс қызы”, “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады. Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Кейін ақынның әдеби мұралары “Таңдамалы өлеңдер”, (1945), “Өшпес жалын” (1962), “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.
Көп оқылғандар
22.11.2026
3676
20.11.2026
2172
21.11.2026
1849
20.11.2026
1090
23.11.2026
1082
19.11.2026
1071
22.11.2026
997
24.11.2026
907
24.11.2026
818
20.11.2026
809
19.11.2026
605
24.11.2026
581
24.11.2026
519
03.11.2026
5259
28.10.2026
5043
12.11.2026
4948
13.11.2026
4650
04.11.2026
4439
14.11.2026
4268
12.11.2026
4160
28.10.2026
3899
22.11.2026
3676
06.11.2026
3504
17.11.2026
3148
18.11.2026
2762
17.11.2026
2753
11.11.2026
2627
12.11.2026
2454
