Құрметбек Сансызбайұлы
Мінеки осы тұста 1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздігін жариялағаннан ақ ел қатарлы атақ даңқ, абырой демей-ақ тарихи Отаны, Атамекеніне түбегейлі қоныс аударған ер азамат.
Құрметбек Сансызбайұлының қызметтегі адалдығын, Атамекенім, отаным деп келген әр қазақ баласын қабақ шытпай, қай жағынан да тең дәрежеде қабылдайтынын, көші-қон үрдісі, заңға енгізіліп жатқан өзгерістер, жалпы көші-қонға қатысты барлық сұрақтарына заңнамалық түсініктемелерді оларға өз менталитет болмыстарына қарай жеткізе түсіндіретінін,қалаған кездерінде ақыл кеңес сұрап, жол көрсетуіне мұқтаж болып барған жандар еңселері көтеріліп ел ішінде әңгіме етіп айтып жататындарына талай жерлерде куә болып жүрміз.
Соңғы жылдары көші-қон үрдісі қалай өріс алғаны жайында Құрметбектің әр уақыттағы өз кезеңінде еш қоспасыз өрбітіп, жетістіктерін де кемші тұстарында қалай халыққа және құзырлы орындарға боямасыз ой пікірлерімен жазған мақала, берген сұхбаттарында жеткізе білгені, 2006 жылы «Тәуелсіздікпен кіндіктес көш керуені» атты шығарған кітабының жалғасы іспетті.
«Ұлы көштің тағдыры ұлылықта» атты кітабына қосымша ретінде, қайталап ұсынылып отырған көші-қон саласының еңбегін қолдап та сынап та жазған азаматтардың өте құнды көлемдегі ұсыныс пікірлері енгізілгені осы саланы зерделеп сараптау үшінгі ел еңбегінен өз орнын алары сөзсіз.
Ал, «халықтың көші-қоны туралы» заңына соңғы енгізілген өзгерістерді өзі теріп рет-ретімен қосып шыққаны, Оралман мәртебесін алу қағидаларын ұсынғаны келгені бар әлі де шет елден келгісі келетін қандастарымыз үшін таптырмас заңнамалық ақпарат болары анық.
Ақын адам аяқ асыты қолға қалам алып дәл сол сәтте болып өріс алып жатқан оқиғаларды қағаз бетіне түсіре беретіні де Құрметбек Сансызбайұлының өлең-жырлар топтамасында ой салып орнын алғандай әсер қалдырады. Ал Құрметбек Сансызбайұлының әулеті жайында шет ел жазушыларының жазбалары оның алыс-жақын шет елдердегі қандастарымыздың арасында танымал болғанын дәріптесе, кезінде өз қызметіне байланысты ұйымдасқан топтардың іс әрекетіне сот әділдік танытқаны жайындадағы ащы болса да шындықтар жазылған материалдар Құрметбектің өз іс қызметі, ар-намысы үшін аянбай арпалыса алатын қайсар да білікті азамат, білімді заңгер екендігі. Оның өзінің және жұбайы Жәмила екеуінің еңбекқорлықтары әрқашанда адамды өмірге еңбек жетектеп өрісті болудың жолын ашатындығының куәсі болмақ.
Құрметбек 1984 жылы Москвада, 1985 жылы Моңғолия Үкіметі жанындағы «Жоғарғы лауазымды қызметкерлерді даярлау» институтында оқып білімін жетілдірген.
Көш басын алғаш келіп тіреген, Алматы облысы, Ескелді ауданынан ешқайда көшпей тұрақты қоныстанып, 2001 жылға дейін «ҚАЙРАТ» шағын кәсіп орны, «АҚТАЙ» ЖШС-н басқарып бизнес, шағын кәсіпкерлікпен шұғылданды.
2001-2005 жылдары Ескелді аудандық еңбек және халықты жұмыспен қамту орталығы, Алматы облыстық көші-қон басқармасында жетекші маман, бас маман, Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінде бас маман, Алматы облысы бойынша көші-қон департаменті директорының орынбасары қатарлы қызметтерді атқарды. 2010 жылдың қараша айынан 2013 жылғы наурыз айы аралығында жаңадан құрылған Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы басқармасында Алматы облысында қызмет атқарады.
2013 жылдың наурыз айында Көші-қон полициясынан бөлініп облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Көші-қон бөлімінде қызмет атқарып келеді.
Құрметбек Сансызбайұлы көші-қон саласы бойынша өзінің білікті маман, білімді заңгер екенін әр кез, жылдардағы ағымға байланысты ұтқыр да алысты болжамдаған ойларымен айтарын жалпы оқырман қауым болып көші-қонды зерделеушілердің құзырына жеткізе білген абзал азамат. Моңғолия елінде қызметте жүріп өзінің осындай іскерлік дарындылығымен, халықтың ішінде жүріп сыйласымды, тартымды болған қабілеттілігін, байыпты басым батылдығын Моңғолия үкіметі жоғары бағалайтындығы Құрметбек Сансызбайұлы, Қазақстанда қызмет атқарып жүрседе Моңғолия елі «Баян-Өлгей аймағының 70 жылдық», «МХРП-сының 90 жылдық» медальдарымен марапаттағаны.
Дерекпен дәйекті нақтылы көрсете, түсіндіре алатын, «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтқандарын қалт жібермей қазақ ұлты, оларға келіп қосылып тамырларын тереңге жайып жатқан қандастарының мүддесін, мемлекеттің елдің мүддесіне сай оңтайлы орналастыру жолында жар құлағы жастыққа тимей жар салып жүрген азаматтардың қатарында ат салысып жүрген осындай абзал жандарға айтар тілек, берер батамыз көп болсын ағайын!
Досан БАЙМОЛДА, Техника Ғылым докторы, Абай атындағағы Қазақұлттық педагогикалық университетінің профессоры және журналистика кафедрасының меңгерушісі,Қазақстан Журналистер Одағының және Халықаралық Журналистер ұйымының мүшесі.
Көп оқылғандар
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жасанды интеллект және әдебиет
Би өнерінің биігіндегі «Наз» театры
Рудольфио. Аманат
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Алаш аудармасын жаңғыртқан
ХХ ғасыр басындағы білім мен мәдениетке ұмтылыс
Таласбек Әсемқұлов. Күй өнерінің болашағы
«Парасат майданы» спектаклінің премьерасына шақырамыз
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Бір күні бәріміз оянармыз