Аябек Байниязов

Аябек Жандарбекұлы Байниязов - 1967 жылдың 16 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында дүниеге келген. Ол 1992 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын қызыл дипломмен бітіріп, аталған университеттің «Практикалық қазақ тілі» кафедрасына жұмысқа қабылданған. Осы оқу орнынан Түркияның Стамбул Университетіне докторантураға жіберілген. Салыстырмалы қазақ және түрік тілдері бойынша туыс Түркия Республикасында түрік тілі мен әдебиеті саласында маман (Ph.D) ғылыми дәрежесі мен дипломын алған. Қайта аттестаттау негізінде филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. 2008 жылынан ЖАК доценті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының 2012 жылғы 14 маусымдағы шешімімен университет профессоры академиялық атағы берілген.
А.Байниязов 2001-2015 оқу жылдары арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс істеді. «Түрік тілі» кафедрасының меңгерушісі (2005-2008; 2011-2015), Дайындық факультетінің деканы (2008-2010) қызметін атқарды. 2015 жылдан бері Түркияның Ардахан қаласындағы Ардахан университетінің профессоры.
2011-2012 оқу жылы А.Байниязов ҚР Білім және ғылым министрлігінің №401 бюджеттік «Түркі халықтары мен мемлекеттерінің тарихи-мәдени мұрасы және интеграциялық үдерістер» бағдарламасы аясында «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүргізген «Түркі тілдері сөздіктерін жасаудың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары» тақырыбындағы іргелі зерттеуге арналған ғылыми жобаның орындаушыларының бірі.
А.Байниязов білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Qurmet-AB» қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған.
Негізгі еңбектері: Rusça-Türkçe isimler ve fiiller sözlüğü. (А.Хажыхасаноглу, З.Яшармен бірге) «Multilingual» баспасы, Стамбул, Түркия, 1998, 432 бб. (27 б.т.); Қазақша-түрікше сөздік. (К.Коч, В.Башкапанмен бірге) «Тұран» баспасы, Түркістан, 2003, 639 бб. (39,9 б.т.); Kazak Türkçesi Türkiye Türkçesi Sözlüğü. (К.Коч, В.Башкапанмен бірге) «Акчаг» баспасы, Анкара, 2003, 680 бб. (42,5 б.т.); Түрікше-қазақша сөздік (50 мың сөз бен сөз тіркесі қамтылған). (Ж.Байниязовамен бірге) «Атамұра» Алматы, 2007, 808 бб. (50,5 б.т.); Türkiye Türkçesi – Kazak Türkçesi Sözlüğü. (Ж.Байниязовамен бірге) «IQ Kültür Sanat Yayıncılık» баспасы, Стамбул, Түркия, 2009, 797 бб. (49,8 б.т.); Türkçe Öğreniyorum (Ders Kitabı) – Түрік тілі оқулығы (Ф.Карабулут, Н.Албаймен бірге) «Тұран» баспасы, Түркістан, 2011, 2013, 2014, 464 бб. (29 б.т.); Түрікше-қазақша сөздік (35 мың сөз бен сөз тіркесі қамтылған). (Ж.Байниязова, К.Кочпен бірге) Алматы: «Полиграфкомбинат» 2012, 495 бб. (30 б.т.); Қазақша-түрікше сөздік (30 мың сөз бен сөз тіркесі қамтылған) (К.Коч, В.Башкапанмен бірге), Алматы, «Полиграфкомбинат», 2012, 750 бб. (46,8 б.т.); Türkçe Dilbilgisi (Ders Kitabı) – Түрік тілі грамматикасы (Ф.Карабулут, Н.Албаймен бірге) «Тұран» баспасы, Түркістан, 2014., 256 бб. (16,5 б.т.).

Көп оқылғандар
Есенбай Құли. Музыка сезімге әсер етсе, сөз ойды орайды
Еркебек Заңғар. Сыр айтты көкте сынық Ай
Төлеген Меллат. Алматы ғазалдары
Чеховтің «Бәсі»
Қаламгердің ізі қағазда қалады
Байырғы мәдениет һәм кенже бала пайымы
Есенбай Құли. Музыка сезімге әсер етсе, сөз ойды орайды
Қазіргі жастар: кітап оқу мәдениеті
Еркебек Заңғар. Сыр айтты көкте сынық Ай
Кинорецензия туралы бір сөз
Алтын шоғыр
Торғынның «Сөз» әлемі
Өмір мен өлім арасындағы аллегория
Көкшетаудың көп көлі, елcіз қалар дейміcің...
Оралхан Бөкей. Көк тайынша
МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Серпілт сәурік сезімді, сілкі қағыс
Камал Әлпейісова. Ертегідегідей махаббат
Думан Омар. Арша (эссе)
Ерболаттың жыр кеңістігі
Жадыра Шамұратова. Кісі болған жігіт
«Менің жүрегім − өзімнің әдеби ортам»
Ахмет Өмірзақ. Тектес таланттар бір-біріне ықпал етпей тұрмайды