Әзілхан Нұршайықов
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов - 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.
1941 – 1945 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949).
1953–1979 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы, 1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді. 1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.
Әзілхан Нұршайықов, 2011 жылдың ақпанында дүниеден озды.
Шығармашылығы
- Тоғыз толғау, А., 1977
- Автопортрет, А., 1977
- Шығ. жин. 2 т., А., 1992
- Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996
- Қаламгер және оның достары, А., 2000
- Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000
- Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 – 82), А., 2002
- Ақиқат пен аңыз, А., 2004
- Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 – 82), А., 2005
- Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005
- Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005.
Аудармалары
И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды.
Марапаттары
- 2-дәрежелі Даңқ ордені
- “Құрмет белгісі” ордені
- “Халықтар достығы” ордені
- 2-дәрежелі Отан соғысы ордені
- бірнеше медальдармен марапатталған.
Жеке қасиеттері
- Әскери шені - аға сержант.
- Хоббиі - фотография, жақсы кітаптар жинау.
- Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары - Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды