Ғайнетдин Мұсабаев
Көрнекті ғалым Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаев 1907 жылдың 17 қыркүйегінде бұрынғы РСФСР-дің Омбы қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ өмірдің тауқыметін көріп өсті, тоғызға келгенде əкесі, он бір жасқа келгенде анасы да қайтыс болып, бес бірдей жетім бала атасы Мұсабайдың қолында тəрбиеленеді. Жетім қалған балалардың ең үлкені болғандықтан, Ғайнетдин жасынан қара жұмысқа түсіп, кісі есігінде жүреді.
Жұмыс істей жүріп ара-арасында оқиды, осы қалада екі кластық білім алады. 15 жасынан бастап отбасының бар ауыртпалығы Ғайнетдиннің мойнына түседі, өйткені 1922 жылы атасы да қайтыс болады. Омбыдағы атақты кулак Буряковқа жалданып, жер жыртып, егін салады, шөп шабады, малын бағады. Омбы теміржол депосында теміржолшы, Қарағандыда, Степнякта шахтер болып істейді.
Қаршадайынан қара жұмыс істеп, қиналып жүрсе де оқысам, білім алсам деген ой көкейінен кетпей қояды. Сөйтіп ол 1929 жылы Омбының педагогтік техникумына оқуға түсіп, оны үздік бітіріп шығады. 1933 жылы алған білімін тағы да көтере түсу мақсатымен Алматыға келеді. Сөйтіп, осы жылы Абай атындағы педагогтік институттың тіл жəне əдебиет факультетіне оқуға қабылданады. 1937 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, сол кезде ұйымдастырылған СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалына жұмысқа қалдырылады. 1939 жылы ол Тіл жəне əдебиет институтының аспирантурасына түсіп, ғылым жолына біржола бет бұрады.
Ғ. Мұсабаевтың тіл ғылымына бейімділігі, ізденгіштігі институтта оқып жүрген кезінен байқалады. Студент кезінің өзінде түрлі тақырыптарға баяндама, мақалалар жазып, оқытушылардың көзіне түсе бастайды. Оның ғылым жолына түсуіне, ғалым ретінде қалыптасуына ұстазы профессор Құдайберген Жүбановтың əсері ерекше болды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда аспирант Ғ. Мұсабаев бітіп тұрған кандидаттық диссертациясын тоқтатып қойып, өзі сұранып ел қорғауға аттанады. Қатардағы жауынгер əскери саяси училищені бітірген соң танк батальоны командирінің орынбасары болып, капитан дəрежесіне дейін көтеріледі. Шайқастарда талай рет ауыр жараланып, екі рет контузия алады. Елге кеудесін ордендер мен медальдарға толтырып, майданнан мүгедек болып қайтқанына қарамастан, қаламын қолға қайта алып, өнімді еңбек етіп, ана тілінің қыр-сырын зерттеуге, күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелерді шешуге өзіне тəн қайсарлықпен белсене араласып, ғылыми зерттеулерінде үлкен табыстарға жетеді.
Ғалымның ғылыми шығармашылығы сан салалы, ол кең тынысты филолог. Проф. Ғ. Мұсабаев қазақ тілі тарихы, диалектология, этногенез, қазақ əдеби тілі (негізі, қалыптасуы, дамуы т.б.), тарихи лексикология, этимология, семасиология, грамматика, лексикология мен тіл тарихының оқулықтары, лексикография, жазба ескерткіштер, көркем шығарма тілі т.б. мəселелерге қалам тартты.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды