Сейтен Сауытбеков
Соғыстан кейінгі жылдары тәжірибелі ұстаз, білікті басшы ұзақ жылдар бойы білім саласында жұмыс істеді. Ол Ыбыраев, Балуан және басқа мектептерде басшылық қызмет атқарды. Балуан орта мектебін С.Л.Сауытбековтың – авторлық мектебі деп атауға болады. C.Сауытбековтың авторлық мектебінің тарихы мол. Ол туралы академик жазушы Сәбит Мұқанов мұғалімдердің бүкілодақтық съезінде ерекше тоқталып өткен. С.Сауытбеков 1950-1960 жылдары үкімет саясатына байланысты қазақ тілінде оқытылатын оқу орындарының жаппай қысқартылып немесе жабылып жатқан жылдары - өзі жетекшілік еткен ауыл мектебін сақтап қалған. Сейтен басқарған мектеп тәжірибесінің берері көп болды. Әсіресе, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық және имандылық тәлім-тәрбие жұмыстары жақсы жолға қойылды. Мектеп жанынан Ақсақалдар (Билер) Алқасы құрылып тұрақты жұмыс істеді. Оқушылар бастамасымен «ауыл зоопаркі» ашылды. Көп жылғы жемісті педагогикалық еңбегінің арқасында Сейтен Лейманұлы «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім» атты жоғарғы атаққа ие болады. С.Сауытбеков «Қазақ әліппесі» оқулығының авторы ретінде республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазақстанның белгілі жазушысы Герольд Бельгер С.Сауытбековтың оқушысы болып табылады. Айтулы айтыскер ақын Көкен Шәкеев – Сейтен Сауытбековты өзінің ұстазы санаған. С.Сауытбеков ұлағатты ұстаз, аса беделді мектеп басшысы әрі қамқоршысы бола жүріп ақын-жазушы ретінде танылды. 1970-1990 жылдар арасында құрметті демалысқа шыққаннан кейін, С.Л.Сауытбеков Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында ғылыми қызметкер, ҚР Мемлекеттік Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде аудармашы (көне араб-парсы тілдері) болып ғылыми қызметпен айналысты. С.Сауытбеков екі мыңнан астам көне араб-парсы тілдерінде жазылған түркі халықтарының шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Көп жылғы аудармашылық қызмет барысында С.Сауытбеков көнепарсы, урду, қадим, жәдид, тәжік, өзбек, қарақалпақ, татар, ұйғыр, түрік, әзербайжан, қарашай-черкес, құмық және жиырмаға жуық шығыс халықтарының тілін меңгерген. Сейтен Лейманұлы көптеген өлеңдер мен әңгімелер жазған. Автордың «Аютас», «Өс, бөбек», «Үлес», «Ақазу арлан», «Өртенген өлең», «Еңбек күйі», «Халықтар достығы», «Таң сәулесі» және басқа еңбектері жарыққа шықты. Аталған еңбектер ішіндегі педагогика тақырыбына жазған «Тағылым тегі» оқулығын ерекше атап өткен жөн. С.Л.Сауытбековтың әдеби-педагогикалық мұралары мен ағартушылық ғұмырнамасы жайлы М.Әлімбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев, Е.Мырзахметов, Т. Нұртазин, Қ.Омаров, Т.Қажыбаев, С.Жетпісқалиев, Н.Ысқақов еңбектер жазды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 497 Қаулысымен 2003 жылдың 30 мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Балуан орта мектебіне Сейтен Лейманұлының есімі берілді.
Көп оқылғандар
«Антұрған аты құрсын Абай деген...»
Парижден кейінгі соқпақ...
Тігінші (Новелла)
«Бір ел – бір кітап»
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ. Жаңа жыл кешінде (әңгіме)
Гүлнар Ізтаева. Тағдыр өзгере ме?
Қош, қазақтың арда ұлы
Абайтанушы ғалым дүниеден озды...
Дидар Амантай. Кестелі сөздер...
Жарық пен сызық
ШЫРҒАЛАҢ КЕЗЕҢ ШЫНДЫҒЫ
Ақерке Асан. Өзіңді жұбатқым келеді...
«Не үшін мені өлтірдің, кешіре алмай жатырмын...»
Арман Әділбек. Қожа кім немесе қазақ протесті
Өнерге көшкен өмір
Тоқтарәлі Таңжарық. Түс көрген жандар
Ардақ Үсейінова. Жалғыз-жарым
«Бір ел – бір кітап»
Әлия Бөпежанова: Жаңа идеялар мен өзгерістер заманы
Айгүл Кемелбаева. Тірісінде айтылмаған сөз... (Эссе )
«Алтын қалам-2024» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Мақпал Мыса. Париж жырлары
Ертай Бимұханов. Дауыс
Маржан Ершу. Фаризаның қайрағына қайралдым
Ролан Барт. Шығармадан – мәтінге дейін...
«Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы» жинағының тұсау кесері өтті
Жаңа жылға жақсы тілек