Қайырбек Кемеңгер
Қайырбек Кемеңгер, қазақтың белгілі қаламгері, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилв атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. Қайырбек Кемеңгер 1977 жылы Омбы облысы, Шарбақкөл ауданы, Жанан ауылында тудым. 1994 жылы осы ауылдағы Томар орта мектебін, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
1998–2000 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында ізденуші-стажер болды. Осы уақытта Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттік архиві, А.С.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік кітапханасы, Омбы Өлкетану музейінің кітапханасы және ҚР Орталық Мемлекеттік архиві, ҚР Ұлттық кітапханасы, ҰҒА Орталық ғылыми кітапхана қорларында жұмыс істеп, алаш қозғалысы мен қайраткерлері туралы материалдар жинақтаған. Баспасөзде, ғылыми жинақтарда Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, А.Тұрлыбайұлы, О.Әлжанұлы, Ж.Ақпайұлы, М.Айтпенұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, С.Сейфоллаұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Әуезұлы, С.Садуақасұлы, Б.Айбасұлы, Қ.Тоғамбайұлы сынды алаш қайраткерлері жайында танымдық мақалалар жариялаған.
2001–2010 жылдары Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, ректор көмекшісі, ректор кеңесшісі болып қызмет істеген. Филология факультетінің студенттеріне арнап «Алаш дәуір әдебиеті» атты пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеп, дәріс оқыды. 2011–2014 жылдары Түркі академиясында ғылыми қызметкер, ғылым бөлімінің басшысы, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан кандидат ретінде тіркелген. «Атамның аманаты» (Алматы, «Жазушы», 2002), «Омбыда оқыған қазақтар» (алаш қайраткерлері туралы зерттеулер мен мақалалар, 2007), «Алаш дәуір әдебиеті» (оқу құралы, 2008), «Олжабай Нұралыұлы» (монография, 2010) еңбектерінің авторы. Бірқатар энциклопедияларды, альманахтарды, антологияларды, жыр жинақтарын құрастырған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
