Берік Жүсіпов
Берік ЖҮСІПОВ (7.03.1970) – фольклортанушы ғалым, эпикалық жыршылық, орындаушылық үрдістің көрнекті өкілі.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1987–1995), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2008–2010) бітірген. Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде мұғалім (1995–1996), консерваторияда оқытушы (1996–1998), аға оқытушы (1998–2000), Халық әні кафедрасының меңгерушісі (2000–2003), «Жетісу» АҚ да (2003–2005), «Тайқазантехносервис» ЖШС де (2005–2008) менеджер, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы (2008–20013), «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның вице-президенті (2013), қызметтерін атқарған.
Қазақ радиосының Алтын қорында «Мирас», «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты сексенге тарта авторлық бағдарламалары сақталған (2006–2008), «Кентавр» газетінде жауапты хатшы болған (2008). Республикалық «Жігер» (Алматы, 1988), «Шарк Тораналари» (Самарқан, 2001), «Түрік дүниясы ұзандары» (Анкара, 2000) фестивальдерінің, Иранда (Тегеран, 2005, 2010), Пазырықта өткен (Алтай, 2004) қайчылардың халықаралық конкурстарының жеңімпазы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000), халықаралық Түріксойдың «Мұрагер» сыйлығының лауреаты (2000). ҚР Президентінің (2012), РФ Мәдениет министрінің (2011) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Филология ғылымдарының кандидаты (1999), өнертану мамандығы бойынша доцент (ЖАК, 2001). Дәріс-концерттермен Германия, Бельгия, Қытай, Нидерланды корольдігі, Түркия, Америка, Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінде болған.
Екі жүзге тарта ғылыми-танымдық мақалалардың, «Мырзастағы жыр мектебі» (1991), «Жиделі-Байсын күйлері» (2000) «Күретамыр», «Жырдария», «Ойтұмар» (2009), Сүлейлер» (2010), «Адырна» (2011) атты кітаптардың авторы. «Қазақтың қаһармандық эпосы – Қобыланды батыр» монографиясы (2003), Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармалары (2007), Базар жырау Оңдасұлы шығармалары (2008) ғылыми басылымдарының құрастырушысы, жауапты шығарушысы, редакторы. «Сыр сүлейін сұрасаң» (2008), «Қайталанбас дауыстар» (2011), «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, 2015) музыкалық антологияларының авторы, ғылыми-танымдық, көркем қойылымды «Жырау» (2011), «Қаһарман» (2014) фильм-портрет жобаларының жетекшісі.
Ол жайында жихангер-журналист Т. Момбекұлы «Жаратқан, жар болғайсың» (2011) атты кітап жазған.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды