Ләйла Мұсалы
Мұсалы Ләйла Жұматайқызы, Филология Ғылымдарының Кандидаты, Доцент. ҚазМҰУ-Дың Филология Факультетін 1993 Жылы «Қазақ Тілі Мен Әдебиетінің Мұғалімі, Филолог» Мамандығы Бойынша Бітірген Соң, Осы Университет Аспирантурасына Қабылданды. Жас Ғалымдарға Арналған Абай Атындағы Стипендияның Иегері Болды. 1996 Жылы ҚазҰУ-Дің Әдеби Шығармашылық Және Көркем Аударма Теориясы Кафедрасына Ассистент Ретінде Қабылданып, Осы Ұжымда Оның Оқытушылық Және Ғылыми-Ізденушілік Жолы Басталды. 2001 Жылы Аға Оқытушы Ғылыми Атағын Алды. 2004 Жылы «10.01.08 - Әдебиет Теориясы» Мамандығы Бойынша «Символ Және Оның Көркемдік Қызметі (М. Жұмабай Және Б. Күлей Поэзиясы Негізінде)» Тақырыбында Кандидаттық Диссертация Қорғады. 2004 Жылы М.Әуезов Қоры Ұйымдастырған Әдеби Конкурста Ғылыми Эссе Жанры Бойынша Арнайы Сыйлықпен Марапатталды. 2006 Жылы Л.Мұсалыға ҚР БҒМ Жоғары Аттестациялық Кеңесінің Шешімімен «Әдебиеттану Доценті» Ғылыми Атағы Берілді. Л.Ж. Мұсалының 50 Шақты Ғылыми-Әдістемелік Мақалалары Жарияланған, Ол Бірнеше Ғылыми Жинақтардың Құрастырушысы, Оқу Құралы Мен Әдістемелік Құралдың Авторы: «Аудармашының Кәсіби Машығы» (2007), « Поэзиядағы Символ-Берне Және Оқыту Мәселелері» (2009), «Көркем Тәржіма Тәжірибесі Бойынша Практикум» (2010) Т.Б. Зерттеу Бағыттары: Жазушының Шығармашылық Лабороториясы; Әдебиет Теориясы Және Мәтінтану; Символ Поэтикасы; Көркем Аударма Теориясы Мен Әдістемесі. Л.Ж.Мұсалы Филология Және Аударматану Салаларындағы Республикалық, Халықаралық Семинарларға, Ғылыми-Әдістемелік Конференцияларға Үзбей Қатысады. Л.Ж.Мұсалы Кафедрадағы «Көкжиек» Ғылыми Шығармашылық Және «Tarzhiman.Club» Жас Аудармашылар Ұйымының Ғылыми Жетекшісі Ретінде Студенттердің Шығармашылық Қабілеттерін Шыңдау Мақсатында Жемісті Еңбек Етіп Келеді. 2011жылы Педагогикалық-Тәрбиелік Қызметі Үшін Университет Ректорының Және Әлеуметтік Жұмыстар Жөніндегі Проректордың Құрмет Грамотасына Ие Болды. Л.Мұсалы 2011 Жылдан Бері Аударма Теориясы Және Әдіснамасы Кафедрасы Меңгерушісінің Ғылыми-Инновациялық Жұмыстар Және Халықаралық Ынтымақтастық Жөніндегі Орынбасары Қызметін Атқарып, Кафедра Жұмысына Белсене Араласып Келеді.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
