Зұқай Шәрбақынұлы
1940 жылы Монғолияда туған Зұқай Шәрбақынұлы Монғол Педагогикалық институты мен Партия жоғары мектебін тәмамдаған. Монғолияның батыс бөлігіндегі қазақ диаспорасы қоныстанған Баян-Өлгий аймағының спорт және әкімшілік саласында жауапты қызметтер атқарған. 1960 жылдардан әдебиетпен айналысып, өлең, дастан, толғау, поэма, тарихи хикаялар мен ғұмырнамалық шығармаларға қалам тербеп келеді. 1970-1990 жылдар аралығында Монғолия жерінде «Көкпар», «Ақ жаңбыр», «Сыр маржандары», «Көңілдің көкжиегі», «Жайлау сазы» т.б. өлең жинақтары жарық көрген. 1975 жылдан Монғолия Жазушылар одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1992 жылы ұрпағын ата-баба жеріне жеткізу мақсатымен Атамекенге оралған соң да еңбек жолынан аумай, совхоз директорының орынбасары, Ақмола облыстық көші-қон басқармасында аға маман болып қызмет атқарды. Қазақстан жерінде «Киелі қанның тамшысы», «Нар тұлға», «Бедерлі ғұмыр», «Қияда түлеген қыран», «Қойтасты қойнауы жасырған сыр» сияқты прозалық кітаптары мен «Айбыным - Атамекенім», «Аспан асты – кең мекен», «Тылсым тірлік тағылымы», «Өмірдің өң бедері», «Қарт жүректің алауы» және т.б. кітаптары жарыққа шығып, оқырман қолына жетті. Оқырман қауымға 20 астам кітап сыйлаған арқалы автор, ел көлемінде өткен көптеген жыр мүшайраларының жүлдегері.
Зұқай Шәрбақынұлы бұл күнде өзге елде де, өз елінде де атқарған ұзақ жылдарғы еңбегінің зейнетін көріп, Алланың берген қуатымен Алматы облысының «тамыры терең, өмірі өлең ырысты ел» атанған Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылында бала-шағасы, ағайын-туысының ортасында бақуатты өмір кешуде.
Төмендегі өлеңдер ақынның үстіміздегі жылы Алматы қаласында жарық көрген «Беймаза шақтар әуені» атты жаңа кітабынан алынды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
