Оразкүл Асанғазы
Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе колхозында дүниеге келген. 1969 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би селосындағы қазақ орта мектеп-интернатын бітірген. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітірген.
Институтта оқып жүрген кезінде Лениндік степендиат атанып, факультетте комсомол комитетінің хатшысы болды, сол кезде партия қатарына өтті. Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған.
1979-1982 жж. - К. Маркс атындағы орта мектептің директоры.
1982-1985 жж. - Сарыағаш қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы № 10 мектеп-интернаттың директоры.
1985 ж-Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы.
1987 ж. - аудандық партия комитетінің екінші хатшысы.
1988 ж. - халық депутаттары Алғабас аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрайымы болып сайланды.
1990-1992 жж. - идеология бөлімінің меңгерушісі, халық депутаттары облыстық Кеңесінің тіл, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімінің бастығы.
1992-1993 жж. - Сарыағаш ауданының әкімі.
1993-1995 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
1995 ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1995-1996 жж. - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі.
1997 ж. - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
1998-2006 жж. - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.
2006-2012 жж. - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы.
2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР оқу ісінің үздігі» белгісі, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
