Мамытбек Қалдыбай
1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қызылжалау ауылында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені, Шымкент педагогика институтының филология факультетін (1963) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Қордай ауданы, Кенен аулында мұғалімдіктен бастаған. 1970-1980 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, 1980-1982 жж. республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында қызметкер, 1982-1990 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқытушы болған. 1982 жылы «Қазақ совет деректі прозасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1990 жылдан бері Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясында оқытушы. Сегіз жыл бойы қазақ, орыс тілдері кафедрасын басқарған. Филология ғылымдарының кандидаты. Шығармалары: Көпір. Өлеңдер. «Жазушы», 1974; Айна. Өлеңдер. «Жазушы», 1977; Ақжайық жырлары. Өлеңдер. «Жазушы», 1978; Мерей. Балаларға арналған повесть, әңгімелер. «Жазушы», 1979; Ай туып келеді. Повесть. «Жазушы», 1983; Бәйдібек баба арманы. Роман. «Қазақстан», 1995; Академик Лесбек Сейітбеков. «Қонжық», 1998; Бекасыл әулие. «Елорда», 2001.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
