Әубәкір Нілібаев
НІЛІБАЕВ ӘУБӘКІР (1928 – 2014)
10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Қара Ертіс өзенінің жағасында туған. Зайсан педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Аудандық мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1959 жылдан журналистік жұмысқа ауысып, Зайсан аудандық «Достық», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы фольклор секциясының кеңесшісі болып қызмет еткен.
Жиырмаға жуық жыр жинақтары шыққан: «Таңғы тыныс» (1967), «Болашақ осылай басталған» (1970), «Ақмарал» (1970), «Жыр жалау» (1972), «Қоңыр жел» (1973), «Алаулаған армандар» (1974), «Көңіл көзі» (1976), «Аққу-қаздар» (1977), «Іңкәр жүрек» (1978), «Күнім менің» (1980), «Жер жүрегі» (1984), «Жиһан жиһазы» (1987), «Асыл адам» (1989), «Мың сөз» (2001), «Советский писатель» баспасынан «Звезды степи» деген жыр жинағы шыққан (1985). Эсхилдің «Бұғауланған Прометейін», «Буырқанған бұла жыр» деген атпен шыққан Азия және Африка ақындарының өлеңдерін, «Ленинді әлем жырлайды» атты кітапты, Пәкстан ақыны Мұхаммад Икбалдың таңдамалы өлеңдері мен поэмаларын, Э.Потьенің өлеңдері мен поэмаларын, М.Лермонтовтың, Р.Тагордың, орыс ақындары В.Маяковскийдің, Н.Забловскийдің, М.Светловтың, т.б. өлеңдерін аударған. 2002 жылы Үнді эпосы «Махабхарата», 2004 жылы «Ригведа», «Бхагавадгита» атты кітаптары «Өлке» баспасынан, 2005 жылы Астанадағы «Аударма» баспасынан «Махабхарата», «Рамаяна» деген аударма кітаптары жарық көрген.
2006 жылы «Дхаммапада» және Рабиндранат Тагордың таңдамалы шығармаларын аударып бастырған. 1983 жылы «Жазушы» баспасынан оның құрастыруымен Моңғолия ақындарының кітабы қазақ тілінде жарық көрсе, 1986 жылы Мәскеудегі «Современник» баспасынан «Степное солнце» деген атпен қазақ ақындарының өлеңдері орыс тілінде басылып шыққан. Үндістан Республикасының Падма Шри сыйлығының лауреаты, Пәкстан Республикасының Икбал Академиясының «Икбалдың Алтын ескерткіші» сыйлығының иегері. «Жеңістің 60 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
