Уайдин Үмбетбай
УӘЙДАҰЛЫ ҮМБЕТБАЙ (Уайдин) (1935 – 2018) 10 қарашада Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы бұрынғы «Темірастау», қазіргі Жаныс би атындағы ауылда туған. 1954 жылы әскер қатарына алынады. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген (1965).
Құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін мамандығы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының әр саласында, Қазақ радиосы, сатиралық «Ара-Шмель» журналының редакциясы, «Қазақфильм» киностудиясы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетінде, Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балалар мектебінде ұзақ жыл ұстаздық қызметте болды. Жекелеген кітаптары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған.
Қазақстан сатириктерінің «Найзагер» қауымдастығы президентінің орынбасары болған. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен (1985), «Ерен еңбегі үшін» (2006) және басқа да бірқатар медальдармен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2012); «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017» халықаралық сыйлығының иегері. Ақтөбе облысы Шалқар, Ырғыз аудандарының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Қара көзілдірік. А., «Жазушы» баспасы, 1969; Құрдым сиыр. Балаларға арналған суретті кітап. А., «Жазушы» баспасы, 1971; Ендігісін айтпаймын. Әзіл-сықақтар. А., «Жазушы» баспасы, 1974; Ішің білсін. Өлеңдер. А., «Жазушы» баспасы, 1976; Контейнермен келген кемпір. Әзіл-сықақтар, А., «Жалын» баспасы, 1978; Тілсіз қоңырау. Әзілсықақтар. А., «Жазушы» баспасы, 1980; Быды-быды. Әзіл-сықақтар. А., «Жалын» баспасы, 1982; Особая столичная проктокваша. Сатиралық жинақ. А., «Жалын», 1984; Өмірге құштарлық. Публицистика А., «Жазушы» баспасы, 1985; Знакомство по объявлению. Сатира., Жалпы жинақ. А., «Жазушы» баспасы, 1986; Мәселе қайда жатыр? Публицистика. А., «Жазушы» баспасы, 1987; Алло, бұл кім? Сахналық сатира. А., «Өнер» баспасы, 1991; Пәлен-пәштуан. Әзілсықақтар. А., «Жазушы» баспасы, 1992; Мәңгілік мәселе. Публицистика. «Рауан» баспасы, 1993; Атың кім, әй? Әзіл-сықақтар. «Қожанасыр» баспасы, 1995; Әумин! Өлеңдер жинағы. Астана. «Өлке» баспасы, 2001; Сен кімге күлесің? Сатира. А., «Ана тілі» баспасы, 2003; Біз былай байығанбыз. Сатира. «Ана тілі» баспасы, 2005; Оңашадағы ойлар. Қанатты сөздер. «Нұрлы әлем» баспасы, 2005; Із. «Білім» баспасы, 2005. /Сықақшы Көпен Әмірбекпен екеуара сыр-сұхбат/. Әдеп әлемі. Танымдық-тағлымдық педагогика. А., «Ана тілі» баспасы, 2008; Сырымды айтайыншы. «Баян жүрек» баспасы, 2010; Шолақ мылтық. Сатира. «Ана тілі» баспасы, 2011; Үмбетбай Уайдин, «ШамшырақАқтөбе» ЖШС. 2013; Әдеп әлемі және журналистика. (оқулық). «Білім» баспасы, 2015; Әумин, айтқаның келсін. «А-Полиграфия» баспасы, Ақтөбе, 2018; Жылы сөз. Жылы сөз. «А-Полиграфия» баспасы, Ақтөбе, 2018ж; Күлкі, күлкі... «Ана тілі» баспасы, 2019. Аудармалары: Виктор Жигунов. «Дыр-р, тоқта, бактерия-1»; Олег Черногуз: Көресіні көршімнен көрдім!, «Сары шымшық, тоқылдақ, профессор және мен»; Андрей Крыжановский: «Біздің Вася кім болады?»; Юрий Прокопенко: «Конкурс», «Достық кеңес», «Бізбен ойнамаңдар».
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды