Құрманғазы Сағырбайұлы
1818 жылы Бөкей Ордасында дүниеге келген Құрманғазы, кедей отбасыдан шыққан. 6 жасынан бастап шопан болып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның музыкаға деген сүйіспеншілігі әкесіне ұнамады, бірақ, анасы Алқа, баласының бұл ұмтылысын қолдады.
Күйші болып қалыптасуына, сол замандағы домбырашы – Ұзақ әсер етті. Ол жас жігіттің музыкаға деген қызығушылығын байқап, оған жарқын болашақ болжаған. Ұзақтың айтқаны орындалды, 18 жасында ауыл тұрғындары Құрманғазыны дарынды күйші ретінде танитын және оның келуін асыға күтетін. Осы кезде үйін тастап, кезбе музыкант болуға бел буды. Түрлі жарыстарға қатысу арқылы, өз шеберлігін едәуір арттыра алды.
Ол Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен өткен көтерілістің куәгері болды. Махамбеттің жалынды өлеңдері мен Құрманғазының керемет күйлері, адамдардың жүрегін жаулап, бостандық үшін күресуге шабыт берген. Байларды ашық сынға алғаны үшін қудаланып, бірнеше рет түрмеге түскен.
1857 жылы оны жылқы ұрлады деген айыппен қамауға алған. Бірақ, Құрманғазы сот басталмай тұрып, түрмеден қашып кетті. Аңыз бойынша, бақылаушыға күйшінің музыкасы ұнағаны соншалық, ол қақпаны өзі ашып берген. Осыдан кейін, патша үкіметі оны қарақшы, бүлікші және қауіпті қылмыскер деп атап, домбырашыны өмірінің соңына дейін қудалады. Өз туындыларында, туған жерге деген сүйіспеншілігін және сол кездегі тарихи оқиғаларды бейнелеуге тырысқан.
Ең атақты күйлері: «Кішкентай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Ақсақ киік», «Адай» және «Алатау». Қазіргі уақытқа дейін, оның 60-тан аса күйі жетті. Артынан Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов және Меңдіғали Сүлейменов сияқты мықты мұрагерлерін қалдырды. Олардың әрқайсысы, еліміздің музыкалық тарихында маңызды орын алады. Құрманғазы күйлері, қазақтың мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлесін қосты. Көптеген композитрлер домбырашының шығармаларын фильмдерде және пьесаларда қолдана бастады. 1889 жылы қайтыс болып, Ресейдегі Астрахань облысында жерленді. 1996 жылы екі мемлекеттің қатысумен, бұл жерде кесене орнаталды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2247
28.10.2026
2216
26.10.2026
1594
27.10.2026
983
27.10.2026
822
26.10.2026
818
29.10.2026
614
28.10.2026
547
28.10.2026
532
29.10.2026
521
28.10.2026
429
29.10.2026
405
21.10.2026
4393
22.10.2026
4261
20.10.2026
3386
07.10.2026
3299
15.10.2026
3218
20.10.2026
2935
09.10.2026
2891
16.10.2026
2582
05.10.2026
2303
09.10.2026
2298
28.10.2026
2247
28.10.2026
2216
30.09.2026
2178
08.10.2026
2136
