Амангелді Иманов
Амангелді Үдербайұлы Иманов - халық батыры, 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Ол Кенесары Қасымовтың жақын серіктесі Иман Дулатұлының немересі.
Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезі Қайдауыл болысының №3 (Терісбұтақ) ауылында дүниеге келген, қазіргі – Қостанай облысының Амангелді ауданы. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 – 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. 1910 жылы Амангелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды.
Амангелді ұйымдастырушылық және қолбасшылық дарынымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте танылды. Бұқара халықтың бұл көтерілісі 19-43 жас аралығындағы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу туралы Николай ІІ 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Көтерілістің саяси маңызы болды, патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді және Ресейдегі Ақпан революциясына дейін жалғасты. Оған қатысқан сарбасдардың (жауынгерлердің) саны 50 мың адамды құрады.
1917 ж. қазан – 1918 ж. қаңтарында Амангелді Иманов Торғай және Торғай облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысқан, Торғай уезінің әскери комиссары болған. 1919 жылы 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Алакөлге жерленді. 1940 жылы халық батыры Амангелді ауданының орталығына (бұрынғы Батпаққара ауылы) қайта жерленді.
Амангелді Имановтың бейнелі мүсінін қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев сомдады. Наурызбаев сомдаған Амангелді бейнесі терең психологиялық сипатқа ие.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2244
28.10.2026
2215
26.10.2026
1594
27.10.2026
982
27.10.2026
822
26.10.2026
818
29.10.2026
612
28.10.2026
547
28.10.2026
532
29.10.2026
515
28.10.2026
429
29.10.2026
404
21.10.2026
4393
22.10.2026
4261
20.10.2026
3386
07.10.2026
3299
15.10.2026
3218
20.10.2026
2935
09.10.2026
2891
16.10.2026
2582
05.10.2026
2303
09.10.2026
2298
28.10.2026
2244
28.10.2026
2215
30.09.2026
2178
08.10.2026
2136
