Жансая Жарылғапов
1975 жылы туған, жоғары білімді, 1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының докторы.
Қызметтік жолын 1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2000 жылы «70-80-жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2005 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 2005-2006 жылдары аталған университетте қазақ әдебиеті және теория кафедрасының меңгерушісі болды. 2006-2009 жылдар аралығында 10.01.02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша докторантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 2009 жылы «Қазақ прозасындағы әдеби ағымдар және көркемдік әдіс» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Қазір қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
140-тан астам ғылыми мақаланың, «Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын оқыту мәселелері» (1997) атты оқу-әдістемелік құралының, «ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері» (2003), «Жанр және көркемдік әдіс» (2011) атты оқу құралдарының, «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» (2009), «Ұлттық прозадағы әдеби ағымдар типологиясы» (2011) «Қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм» (2015) атты монографиялардың авторы.
2010 жылдың «Жоғары оқу орныныңүздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
2013 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым мен техниканың дамуына айрықша үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендианың иегері.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының ғылым мен техника саласындағы сыйлығының лауреаты.
Ұлттық әдебиеттегі көркемдік әдістер мен әдеби ағымдарды, қазақ әдебиетінің идеялық-философиялық тың парадигмаларын, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
