Әбікен Хасенов
Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі (1945). Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубекпен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді. 1934 жылдан қазіргі Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. Xасенов театр сахнасында Қүнанбай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің Абайында), Қараменде (Әуезовтің Еңлік - Кебегінде), Қодар, Балта (Ғ.Мүсіреповтің Ақан сері - Ақтоқтысында),Мұса(С.Мұқановтың Шоқан Уәлихановында), Тайман (Ә.Тәжібаевтың Май-расында), т.б. образдар жасады. Сонымен қатар ол Тәттімбеттің Сарыжайлау, Көкейкесті, Сылқылдак, Бес төре, Азамат, Қос-басар (бірнеше түрі), т.б. күйлері пластинкаға түсірілді. Оның өзі шығарған Қоңыр атты күйі бар.
Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді.
1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды.
Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған «Қоңыр» күйіне ән де жазылып қалды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
