Манаш Қозыбаев
Манаш Қабашұлы Қозыбаев (16 қараша 1931 жылы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы - 30 қазан 2002 жылы, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1995), ҚР тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1997) және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың (1970) иегері. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1986). Қостанай облысының Құрметті азаматы.
Манаш Қабашұлы 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған.
1953 жылы ҚазМУ-ды бітірген.
1953 -58 жылдары Қостанай педогогикалық институтында,
1958-74 жылдары СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөлімшесінде,
1974-79 жылдары Алматы мал дәрігерлік институтында, кейін ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты.
1979-86 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы;
1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы институт директоры болды.
2002 жылы Алматыда қайтыс болды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
