Жұмабек Қадырқұлов
Жұмабек Боранбайұлы Қадырқұлов 1977 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Түпқараған аудандық музыка мектебін Ізғали Сақтаған ұстаздың сыныбынан тамамдады. 1995 жылы П. И. Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін және 2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясын профессор Құбыш Әшімұлы Мұхитовтың сыныбынан бітіріп шыққан. Құрманғазы атындағы халықаралық конкурстың жүлдегері, Республикалық Дәулеткерей, Әлшекей, Қали Жантілеуов, Қаршыға Ахмедияров, Әзидолла Есқалиев атындағы және «Байжұма» стилінде орындаушылар конкурстарының лауреаты, Республикалық Есір Айшуақұлы, Мұрат Өскінбаев атындағы күй сайыстарының бас жүлдегері. Өнермен мәдениеттің дамуына үлес қосқаны үшін ҚР Парламент сенатының және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған төсбелгілерімен марапатталды. 2011 жылы «Ақжарма» атты жеке шығармашылық концертін өткізді. 2012-17 жылдар аралығында «Дәстүрлі күй концерті», «Ғасырлар үні», «Күмбір-күмбір домбыра», «Сал-домбыра», «Өттің дүние» атты концерттерге қатысты. 2013 жылдың қыркүйегінде «Маңғыстау күйлерінің тарихы Ақсақ құланнан басталады» атты мақаласы жарық көрді (№167. «Айқын»). 2014жылдың тамызында «Маңғыстау күйлері зеттеуді қажет етеді» атты ғылыми мақала жарық көрді (№ 154. «Айқын» газеті). 2013 «Күй- Мұра» атты хрестоматиялық жинақ жарық көрді. 2014 «Бабалар сазы» атты зерттеулер және күйлер жинағы жарық көрді. 2014жылдың Қазанында «Шопен залында «Күй – Мұра», «Бабалар сазы» атты жинақтардың тұсаукесері өтті. 2015 жылы Шілдеде ICTM Дүниежүзілік конференциясында «Маңғыстау күйшілік мектебінің ерекшеліктері» атты ғылыми баяндама оқылды. 2014 жылы «Күй аңыздарын оқытудың мағыздылығы» атты лекция концерт берілді. 2015 жылы «Көне күйлерді оқытудың маңыздылығы» атты ашық сабақ өтті. 2014-15 жылдары «Наурыз – Думан», «Наурыз-Жыл басы» атты сыныптық концерттерін өткізді. 2015 жылы 3-4 желтоқсанда Ақтау қаласында өткен Есір Айшуақұлы атындағы I Республикалық конкурсқа қазылық етті. 2015-17 жылдар аралығында I-II-III Республикалық «Қос ішек» конкурстарын өткізді. 2016 жылы «Көш керуен» атты Маңғыстау күйлері топтастырылған үнтаспа жарық көрді. 2016 жылы «Мұң қиянның мың күйі» атты жеке шығармашылық концертін өткізді. 2016 жылдың Қазан айында ҚазҰӨУнің колледжінде Маңғыстау күйшілік мектебі жөнінде «Шеберлік сыныбы» өтті. 2016жылы Атырау қаласында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Н.Тілендиев ат. Кіші өнер академиясының 20 жылдығы аясында «Қазақстанда тиімді көркемдік білім беру жүйесін дамыту, дәстүрлер, жаңашылдық, жетістіктер» атты Халықаралық конференциясында «Ноғайлы кезеңіндегі Маңғыстау күйшілік өнері» атты ғылыми мақала оқылды. Осы кезде Атырау қаласының өнер академиясында Маңғыстау күйшілік мектебі туралы «Шеберлік сыныбын» өткізді. 2016 жылдың 18-21 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы XXXVII Республикалық конкурсына қазылық етті. 2016жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Ақтау қаласында өткен Мұрат Өскінбайұлы атындағы VII Республикалық конкурсқа қазылық етті. 2017 жылы «Бабалар сазы 2» атты хресоматиясы жарық көрді. Осы жылдар аралығында көптеген алғыс хаттармен марапатталды. Көптеген шәкірттері Қазақ Ұлттық Өнер Университеті мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын тамамдап, Республикамыздың әр өңірлерінде арнайы музыкалық білім беретін оқу орындарында еңбек етуде жәнеде әртүрлі Республикалық конкурстардың лауреаттары. Қазақстан телеарналары мен Қазақ радиосының көптеген хабарларына қатысты. Кәзіргі кезеңде Қазақ Ұлттық өнер Университетінде оқытушы болып еңбек етеді.
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато