Ғазым Жарылғапов

Ғазым Жарлығапұлы Жарылғапов - 1942 жылы 2 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде туған. Қазақ. Білімі жоғары, 1979 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген.
1960-1962 жж. – Қарағанды қаласындағы облыстық «Қайрат» ерікті спорт қоғамында бокстан жаттықтырушы; 1962-1963 жж. – Қарағанды мемлекеттік политехникалық институты дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы; 1963-1966 жж. – Н.К. Крупская атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі; 1966-1970 жж. – аудандық «Қайрат» ЕСҚ төрағасы; 1970-1978 жж. - №178 СКТУ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі; 1978-1996 жж. – Ғалым Жарылғапов атындағы балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры; 1996 жылдан осы уақытқа дейін – Ғалым Жарылғапов атындағы кәсіптік-техникалық лицейінің директоры. Ол басқарып отырған лицейде түрлі мамандықтар бойынша көптеген жас мамандар тәрбиеленіп, олар еліміздің халық шаруашылығының әр саласында қызмет атқаруда.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) мерекелік медальдарымен марапатталған, «КСРО дене шынықтыру және спорт үздігі», «Қазақ КСР-нің кәсіптік-техникалық білім беру ісінің озық қызметкері», «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы», «Қазақ КСР-нің оқу-ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері», Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, Қазақстан-Ресей университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Дене шынықтыру мен спорттың дамуына қосқан еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының қаулысымен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Нұр Отан» партиясының «Құрмет грамотасымен», ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.

Көп оқылғандар
Пруст сауланамасы: Сұраған Рахметұлы
Бауыржан Жақып. Әдебиеттің алтын ордасы
Поэзия аллеясы” ашылды
Тілек Ырысбек. Айнадағы құдай суретін салу
Әлібек Байбол. Әріптер әлеміне саяхат
Томас Стернз Элиот. Шөл
Хэм ағай
Қуандық Түменбай. Сыраның қалдығы
Дидар Амантайдың кеші
Кемел ағаны кеңінен тани түстік
Қуаныш Жиенбай. Кішкентай кісілер
Пруст сауланамасы: Сұраған Рахметұлы
Нарқұлан Райханұлы. Homo sapiens
Кәкен Қамзин. Қып-қызыл бұлттар, көгілдір-керім троллейбус
Бауыржан Жақып. Әдебиеттің алтын ордасы
Поэзия аллеясы” ашылды
Тілек Ырысбек. Айнадағы құдай суретін салу
Бір тал гүл
Құлтөлеу Мұқаш. Күйеуқашқан
Айзат Рақыш. Әдебиеттегі жалаңаштарға кім тұсау салады?
Оралхан Бөкей. Газетке орап қой, шешеме апарып беремін
Ұмтыл Зарыққан. Бекзада
Әділет Ахметұлы. Өлеңге сүзгі мен сезгі керек
Есей Жеңісұлы. Ар
Дәметкен Омарбаева. Іздеп келем
Құлтөлеу Мұқаш. Қарағанды күліп тұр
Мәдина Сейітмағамбетова. Жүректің лүпіліндесің
Аударма саласындағы Назипа Құлжанованың рөлі
Асылбек Байтанұлы. Қорғансыздың күні немесе Бота өлеңі
Өлең салыстыру ойынынан туған ой
Микро-әңгімелер циклы
Бір суреттің тарихы
Көп талқыланғандар
Қуандық Шамахайұлы. Кішкентай адам
Тірісінде тіресіп, аруағында ардақтап
Қуат Қиықбай. Бесік жыры
Алмагүл Шималова. Ақберен (ертегі)
Жадыра Шамұратова. Серіктің батпырауығы
Бекзат Думанұлы. Сенгім келіп тұрады ғажайыпқа
Қуандық Шамахайұлы. Мұқанның көршісі
Неліктен Қайым – Қадырға, Семей – Батысқа айналды?
Әлібек Асқаров. Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы
Қуандық Шамахайұлы. Пысық жігіт
Бауыржан Игілік: Жайнамаздай қастерледім қағазды
Назерке Серікқызы. Тәңір естіп қояды...
Тіл ғұламасы Әсет Болғанбаев
Гүлнұр Қасымзада. Күнім
Мұхтар Мағауин. Естеліктер кітабы. Мұқағали Мақатаев