Нұртас Оңдасынов
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында туған. 1920-1926 жылдары Ташкенттегі қазақ мектеп-интернатында тәрбиеленіп, Түркістан орман техникумында оқыған. БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1926-1930 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінің статисті, Жамбылдағы Талас зерттеу партиясының кіші технигі, Шымкент облыстық су шаруашылығы бөлімінің технигі болған. 1931-1938 жылдары - Ташкент ирригация институтының бөлім меңгерушісі, кеңшар директорларын даярлайтын курс директорының орынбасары, Қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасары, директоры, Қазақ КСР Жер халкоматы басқармасының бастығы. 1938 жылы - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1938-1951 жылдары - Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. 1954-1962 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы. Ұлттық кадрлар дайындауға үлкен көңіл бөлген. 1946 жылы Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясын құруға атсалысқан. 1962 жылдан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналысқан. Араб-қазақ, парсы-қазақ түсініктеме сөздіктерінің авторы. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, үш мәрте Ленин ордендерімен марапатталған. Туған ауылына, ондағы орта мектеп пен көшелерге есімі берілген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
