Ыдырыс Мұстанбаев
Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс Мұстанбаев 1898 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған.
Тінібай медресесін, екі сыныпты орыс-қазақ училищесін бітіріп, Семей гимназиясында оқыды. Еңбек жолын пошта телеграфисі болып бастады. 1918 жылы Семейде Алаштың атты әскер полкін жасақтауға қатысты. 1919-1921 жылдары Семей губревкомы мен губаткомының мүшесі болып, Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан университетінде ұйымдастырушылық-басшылық қызметтер атқарды. 1920 жылы Қазақ АКСР-нің Құрылтай съезінде ОАК-нің мүшелігіне сайланды. 1921-1926 жылдары Орал, Ақмола губерниясының прокуроры, Сырдария губаткомының төрағасы, Қазақ ОАК-нің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1926 жылы «Сырдария ісі», «Шаян ісіне» қатысты жауапқа тартылды. 1926-1927 жылдары - Қазақ АКСР-інің байланыс халық комиссары. 1927 жылы Семейде өткен атаман Аненковқа қарсы сотта мемлекеттік айыптаушы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қызылорда мен Алматыда әр түрлі кеңес, партиялық, шаруашылық қызметтер атқарды. Қазақстандағы жер мәселесі, ауылдағы тап тартысты, байлардың мүлкін тәркілеу, мекемелерді қазақыландыру, т.б. социалистік қайта құрулар мен голощекиндік ұлт саясатына қарсы күрескені үшін, «сәдуақасовшылдық», троцкилік оппозицияның көрнекті өкілі ретінде қудаланып, бірнеше рет партия қатарынан шығарылды. Мұстанбаев әдеби сынға өзіндік үлес қосып, қазақ әдебиетінің тағдырына қатысты талас-тартысқа белсене араласты. Абай, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың шығармашылық мұрасын таптық-идеологиялық шабуылдан қорғады. Саяси қуғын сүргіннің құрбаны болды. 1991 жылы ақпанның 18-інде ақталды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
