Әбдінағым Көшер
1952 жылы 16 сәуірде Түркмен ССР-і, Мары облысы, Көктөбе ауылында дүниеге келген. 1969-жылы ОҚО, Созақ ауданында орта мектепті, 1973-жылы Шымкент пединститутынан ІІІ-курсынан шығып, 1979-жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірді.
Ауыл шаруашылығы, білім, құрылыс, энергетика, коммунальды шаруашылық, жол құрылысы, транспорт, салық, өнеркәсіп салаларында құрылысшы, мұғаллім, спорт инструкторы, бухгалтер, ревизор, бас есепші, бас салық инспекторы, конкурстық басқарушы қызметтерін атқарды. «Ара» журналының, «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті» газеттерінің штаттан тыс тілшісі болды.
Журналистикамен 1975-жылдан бері, әдебиетпен 1983-жылдан бері айналысып, әдебиеттік тұсауын 1985 жылы «Жалын» журналы кесті. Республикалық «Лениншіл жас», «Соц.Қазақстан» газеттерінде, «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдарында, обылыстық, қалалық, аудандық газеттерде, кейінгі «Алтын Орда», «Сана», «Ақиқат», «Айғақ», «Ар-Дақ», «Халық үні», Саясат-ақпарат» газеттерінде көркем әңгімелері, әзіл-сықақтары, лирикалық өлеңдері, гравюралары, фельетондары, мақалалар мен публицистикалық шығармалары жарық көрді. Қазір «Саясат-ақпарат» газетінің бас редакторының орынбасары.
1993-жылы «Бірі кем дүние» сатиралық повесть пен сықақ әңгімелер жинағы, 2003-жылы «Маұғлы ханзадасы» романы, 2007-жылы «Ей, перзентім, біліп алғын!..» ғибратнамасы, 2012-14 жылдары (екі рет) «Дүрбелең» романы жарық көрді. Бұл «Маұғлы ханзадасы» романының жалғасы, яғни «Мәделіқожа» трилогиясының екінші кітабы. Ал үшінші кітабы – «Үш батыр» романы 2015 жылы баспадан шықты. 2017 жылы «Теріскей терісқақпайлары» кітабы жарық көрді.
2007-жылы Республикалық ақындар конкурс-фестивалінің лауреаты және «Гран-при» иегері. Шымкент қаласының «Құрмет Грамотасымен» наградталған. Бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген. Әйелі, үш ұлы, алты немересі бар. Шымкент қаласында тұрады.
Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
