Бекен Қайратұлы
Бекен Қайратұлы – 1963 жылы қаңтар айының 28 жұлдызында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы «Қобданқол» ауылында дүниеге келген. Алғаш өзі туған Қобданқол аулында бастауыш мектепте білім алып, арықарай Өлгей қалалық І-10 жылдық орта мектебін 1980 жылы тәмәмдады. Осы жылы ел астанасы Ұлан-батыр қаласында орналасқан Сухе-батор атындағы Әскери Жоғары Институттың «Артиллерия» бөліміне қабылданып, оны 1984 жылы лейтанат шенінде үздік бітіріп шықты.
1984-1991 жылдар аралығында әртүрлі әскери қосындарда взвод, батерия командирі, саяси қызметкер тәрізді міндеттерді абыройлы орындап, 1989 жылы Моңғолия Жастар одағының жоғары наградасы «Үздік интелегент» алтын медалымен сыйланған.
1991 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударып, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданына қоныстанған. 1995 жылдан бастап баспасөз саласына қатысып, Тарбағатай аудандық «Тарбағатай нұры» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.
1997 жылы бұрынғы Ақмола қаласына (қазіргі Астана қаласы) қоныс аударып, қалалық «Астана ақшамы» газетінде тұрақты жұмысын бастады. Елорданың өсіп-өркендеуіне қатысты көптеген публистикалық туындыларды өмірге әкелді. Шығармалары – «Ақордалы Астана», «Бағаналы орда басты орда» атты жинақтарға енді. Сондай-ақ ҚР Тіл комитеті жанынан жарық көретін «Тіл және қоғам» журналына бірнеше жыл бас редактор болып, еліміздегі мемлекеттік тіл мәселесі жайлы өзекті жұмыстарға ат салысты.
Журналист ретінде Қазақстан Журналистер Одағы тағайындайтын «Жылдың үздік журналисі» атағын (2009 ж.) жеңіп алды. Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» (2009 ж). Және ұлттық рухани һәм шетелдегі қазақтар тақырыбына қатысты жазылған «Күміс жамбы» атты кітабы мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрді. 2010 жылы Мекке қаласына барып қажылық парызын өтеп келді.
2010 жылдан бастап «Оян. Намыс.кз» журналын басқарып, «Намыс. кз» сайтында редакторлық қызметтерін 2012 жылдың шілде айына дейін атқарып келді. Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының Астана қалалық филалында жетекші болып қызмет атқарған. 2018 жылдан республикалық “Егемен Қазақстан” газетінде тілші.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
