Ғалымжан Мұқанов
Ғалымжан Сламжанұлы Мұқанов - 1953 жылы 15 наурызда Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданындағы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін 1974 жылы үздік дипломмен бітіріп шыққан.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
1977–1982 жж. Шетел тілдері педагогикалық институтының (қазіргі Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) француз тілі факультетін үздік бітірген.
Еңбектерін қазақ, орыс, француз тілдерінде жазған.
Негізінен көркем аударма саласында еңбектенген. Байронның зайыбы, француз ақыны Клер Клермонттың 1836 жылы Парижде жарық көрген «Владимир мен Зара немесе қазақтар туралы» дастанын 1988 жылы француз тілінен қазақшаға тәржімалады («Жазушы»). 1994 жылы қазақшадан француз тіліне Абайдың «Қара сөздері» мен «Ескендір», «Масғұт» поэмаларын («Рауан»), 1995 жылы француз ақыны К. Висантимен бірлесіп ұлы ақынның таңдамалы жырларын («Евразия»), 1997 жылы М.Әуезовтің «Қилы заман» романын («Санат») аударды. М.Әуезовтің шығармашылығы жөнінде 1997 жылы Парижде ЮНЕСКО аясында өткен халықаралық коллоквиум материалдарын қазақ тілінде сөйлетті. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының таңдамалы өлеңдерін компакт-диск түрінде француз тілінде жарыққа шығарды. Қазақ тілінен орысшаға Ә.Спанның «Нұрлыхан Бекбосынов» атты деректі-публицистикалық эссесін (2001, «Информ–А»), Ә.Дербісәлінің «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» деген танымдық сипаттағы еңбегін аударды. П.Корнельдің «Сид» трагедиясын, П.Верленнің, Ш.Бодлердің өлеңдері, Ги де Мопассанның әңгімелерін, қазіргі заман ақыны Ж.Жостың туындыларын қазақшалады.
Өлеңдері «Тоғыз перне» атты ұжымдық жинақта («Жалын», 1998), «Арай», «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», т.б. республикалық басылымдарда жарияланған. Қазақ фольклоры жөніндегі жұмысы 1999 жылы Францияда жарық көрген «L, homme et la steppe» жинағына енгізілді.
Абай шығармаларын шет тілдеріне үздік аудару жөніндегі республикалық конкурстың және Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
«Ақтық сәт» атты өлеңі 2003 жылы М.Өтемісұлына арналған термешілер конкурсында республика бойынша бірінші орынға ие болды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
