Әбділдабек Салықбай
Әбділдабек САЛЫҚБАЙ - 1962 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Мұқаншы-дағы орта мектепті, 1984 жылы Семей педагогикалық институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін үздік бітірген. Сол жылы Бақты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жүргенде Әбділдабектің аудандық, облыс-тық басылымдарда тұңғыш көркем очерктері, мақалалары жарияланады. 1984-1986 жылдары әскери қызметін өтеп келіп, бір жылдай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аудандық мәдениет үйінде нұсқаушы қызметтерін атқарады.
1987 жылы Әбділдабектің республикалық басылымдарда тырнақалды көркем туындылары жарық көреді. Осы жылы ол Алматыға қоныс аударып, «Ұлан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, Қазақ энциклопедиясында ғылыми редактор қызметтерін атқарады. Әйгілі абайтанушылар Р.Нұрғали, Қ.Мұхамедханұлы, М.Мырзахметұлы, М.Құлмұхаммедпен бірге «Абай» тұлғалық энциклопедиясының сөзтізбесін жасасып, Абайдың өлеңдерін беларус, қырғыз тілдеріне аударған ақын, аудармашылар туралы Минскі мен Бішкек мұрағаттарынан мағлұматтар жинақтайды.
1990 жылы ол республикалық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қаласындағы Әуезов ауданына жауапты хатшылыққа конкурстық негізде сайланады. Ол кезде бүкіл республикадағы сияқты Алматыдағы зауыт, фабриктердің көпшілігі тікелей Мәскеуге бағынышты болатын. Соған қарамастан Ә.Жұмабекұлы аталған ауданда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында кең көлемді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Аупарткомда аудан белсенділерінің жиналысын өткізіп, мекемелердегі қазақ тілінің мүшкіл халін жақсарту шараларын күн тәртібіне өткір қоя білді. Ал еліміз тәуелсіздік алған соң ол мемлекеттік тілдегі педагогикалық басылымдардың ашылуына да көп үлес қосты. Мәселен, ол «Қазақстан мектебі» жұрналында табан аудармай он екі жыл қызмет етіп, «Отбасы және балабақша», «Қазақ тарихы», «Информатика-физика-математика» сынды ғылыми-әдістемелік басылымдардың жарық көруіне барлық күш-жігерін салды.
Әбділдабек Жұмабекұлы – 2003 жылдан дербес отау тіккен «Қазақ тарихы» жұрналының бас редакторы-директоры. Ол осы қызметтерді атқара жүріп, төл тарихтың ақтаңдақтарының ашылуына да мол үлес қосты. Әсіресе, оған дейін басым көпшілігі орысша жазуға машықтанған отандық тарихшылардың қазақша жазып үйренуіне, Қазақстанның тарих терминдерінің, ұғымдарының қалыптасуына зор ықпал етті. Ол үшін журналға шығатын ғалым-профессорлардың барлығының дерлік мақаласын қазақы ұғым-таныммен қайта жазуға дейін барды. Төл тарихтың ақтаңдақтарының ашылуына өз мақалалары, сұхбаттары, пікіртерімдері, сауалнамалары арқылы 25 жылдай ойтүрткі жасаса, Қазақстан тарихы пәнінің бірде ҰБТ-дағы міндетті пәндер қатарынан, бірде осы пәннің ЖОО-дағы мемлекеттік емтиханнан алынып қалуына наразылық ретінде Ашық хат жазып, оған әйгілі тарихшылардың қолын қойғызып, министрлікке қайта-қайта хат жолдап, хабарласып жүріп, әділеттіліктің орнығуына қол жеткізді. Редакция тарапынан жазылатын аңдатпаларда, түйін сөздерде төл тарихтың бұрмаланбауын, тарихты зерттеуде шежіре, тарихи жыр-дастандар, жер-су атаулары, қазақы ұғымдардың этимологиясы сынды төл деректердің ескерілуін үнемі зерттеушілер қаперіне салып, отандық тарихшылар ортасында тарихты реформалау сияқты тың ой-пікірлердің туындауына себепкер болды. Осы еңбектерінің арқасында ол ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов атындағы медальдардың иегері атанды.
Тіл-әдебиетші, ұлтжанды азамат ретінде Әбділдабектің ана тіліміздің сөздік қорын молайтуға қосқан үлесін бөле-жара атаған жөн. Ол өзі басқарған педагогикалық басылымдардың бәрінде «Сөздік бұрышы» айдарын ашып, қазақ тілінің сөздік қорын молайтуға атсалысты. Әуелде бұрын қолданыста болған «сынып, пайыз, мүдір, сілтеме, мәжілісхат» сынды көптеген сөздерді сол күйі қайта қолдануды, кейбірін жаңа мағынада қолдануды ұсынса, кейін өз жанынан «әдістеме, әдіскер, тізбе (опись), ұстаным, межешам (маяк), әдіснама (методология)», т.б. сөздер шығарып, олардың бірнешеуі қазіргі қазақ тілінің сөздік қорынан берік орын алды.
Әбділдабек көркем проза мен аударма саласында да недәуір жетістіктерге жетті. Оның қаламынан туған ертегі, әңгімелер қазақ радиосынан инсценировка ретінде беріліп, әдебиетшілер, сыншылардың назарына ілікті. 1980-90-жылдары Әбділдабектің республикалық газет-журналдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған бір топ әңгімелері мен «Нартай» атты хикаяты, осы аттас тұңғыш жинағы(1998 жылы) жарық көрді. 2001 жылы үлкендерге арналған «Білінбей өткен бір ғұмыр» (Әңгімелер мен хикаят), 2010 жылы «Түн түнегіндегі екеу» (Әңгімелер мен хикаят), 2019 жылы «Мақаншы, қарыздармын мәңгі саған!» (Әңгімелер. Зерттеулер. Мақалалар.) кітабы шықты. Ал «Ілияс мінген Қарагер» (Әңгімелер мен хикаяттар.) кітабы 2018 жылы ҚР Мәдениет министрлігі тарапынан сатып алынып, 2019 жылдың жоспарына енді. Әңгімелері «Нарық нақыштары», «Шабыт қайнары», «Жидебай», «Тәтті алма», «Кәусар бұлақ» сынды әдеби жинақтарда, республикалық басылымдарда, Қырғызстан мен Түркияда жарияланған. Бұған дейін ол бірнеше танымдық кітаптарды және орыс пен батыс классиктерінің көркем әңгімелерін орысшадан, қырғыз жазушыларының шығармаларын түпнұсқадан аударған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Тарихшылары қауымдастығының мүшесі. Қазір «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдарының бас редакторы қызметін атқарады.
Әбділдабек 2016 жылы ХІ рет өткізілген Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінде «Ілияс мінген Қарагер» әңгімесі үшін «Дарабоз» сыйлығының Бас бәйгесін (Гран-при) жеңіп алды. Ал осы бәйгеге қатысқан 300-ден астам шығарманың арасынан жазушының «Санжар» хикаяты Тәуелсіздіктің ширек ғасырлығына орай жинаққа енгізілген 25 үздік шығарманың қатарынан көрінді.
Көп оқылғандар
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жасанды интеллект және әдебиет
Би өнерінің биігіндегі «Наз» театры
Рудольфио. Аманат
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Алаш аудармасын жаңғыртқан
ХХ ғасыр басындағы білім мен мәдениетке ұмтылыс
Таласбек Әсемқұлов. Күй өнерінің болашағы
«Парасат майданы» спектаклінің премьерасына шақырамыз
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Бір күні бәріміз оянармыз