Шәмшиябану Сәтбаева
Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаева (1930-2002) - әдебиет зерттеуші, филологиялық ғылыми докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының — корреспондент мүшесі, Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уәлихановатындағы сыйл. лауреаты, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер. Абай туралы ғалымның байсалды ғылыми түйін-тұжырымдары «XIX және XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-еуропа әдеби байланыстары» (1972), «Әдеби байланыстар»(1974), «Өрнекті өріс» (1977), «Әдебиет мерейі» (1981), «Қазақ әдебиеті және Шығыс» (1982), «Шәкәрім» (1988,1990), «Шәкәрім Кудайбердиев» (1993) және «Абайдың «Ескендір поэмасы» (1970), «Пушкин» және «Абай» (1975), «Абайды танып болдық па?» (1988), «Абай мұраларын зерттеудің мәселелері» (1988), «Абайға барсаң абайла» (1990, бірнеше авторлармен бірге) атты моногр. еңбектері мен арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрген. Сәтбаева орыс мектептерінің 8-9 кластарына, Республика жоғары оқу орындарының филол. факультеттерінің орыс бөліміне арнап жазған «Қазақ әдебиеті» (1976, 1979) оқулықтарында «Абай Құнанбаев», «Ақылбай», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Абай тарапы шетел баспасында 1970жылға дейін басылған мақалаларды жүйелеп алғы сөз жазып «Шет ел сыны қазақ әдебиеті хақында» (орыс тілінде, 1971) деген атпен жеке жинақ етіп жариялады. Сәтбаева. «Орта Азия мен Қазақстан әдебиеттерінің тарихы» атты Москвада орысша шыққан (1960) оқулықтың «Қазақ әдебиеті» тарауын, Абай өмірі мен мұрасы туралы материалдарды, деректер мен мәліметтерді дайындаған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2617
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2617
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
