Морис Матерлинк
Морис Матерлинк - (1862-1949) бельгия жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты.
ОРЫС СИМВОЛИСТЕРІ ТАБЫНҒАН АҚЫН
1895 жылы «Орыс символистері» деп аталатын жинақта жас ақын Владимир Даровтың өлеңі жарық көреді.
Мертвецы, освещенные газом!
Алая лента на грешной невесте!
О, мы пойдем целоваться к окну!
Видишь, как бледны лица умерших?
Это - больница, где в трауре дети...
Это - на льду олеандры...
Это - обложка романсов без слов.
Милая, в окна не видно луны.
Наши души - цветок у тебя в бутоньерке.
Мағынасы бұлдыр, формасы өзгеше болып туған бұл өлең сол кездегі орыс қоғамында қызу пікірталас туғызды. Белгілі әдебиеттанушы Василий Розанов «Символистер мен декаденттер туралы» деген мақаласында орыс поэзиясына келген мұндай жаңашылдықты қабылдай алмай, оны қатты сынға алды. Ал, жинақты құрастырушы Валерий Брюсов пен оның жақтастары керісінше бұл лирикалық шығарманы жас ақынның ең үлкен әдеби табысы ретінде бағалады. Шын мәнісінде бұл ерекше өлең Владимир Даровтың төл туындысы емес еді. Ол бар-жоғы сол кездегі танымал ақын, әрі драматург Морис Метерлинктің өлеңін аударып, оны орыс оқырмандарына ұсынған-тын. «Шығармашылық әлеміндегі көп қырлы әдеби қызметі үшін» Нобель сыйлығын алып, граф титулын иеленген Морис Метерлинк осыдан жүз жыл бұрын Ресейдегі күміс ғасыр ақындарына қатты әсер еткен тұлға болды. Әсіресе, орыс символистері ақын жырларын жастанып оқыды. Дей тұрсақ та бүгінгі таңда оның артында қалған бес өлеңдер жинағы әдебиет саласының арнайы мамандарынан басқа ешкімнің де қызығушылығын туғыза қоймайды.
Амангелді Кеңшілікұлы
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2445
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2445
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
