Жанат Боқашұлы
Жанат Боқашұлы – 1976 жылы туған. Ұлу. Білім жолын Өлгий қалалық 2-інші аға мектебі табалдырығын аттаумен бастаған.Әкесі Боқаш(шын аты Үрімхан) халық арасына танымал Абай, Ақыт қатарлы қазақ ғұламаларының жырларын толықтай жатқа білетін,оқымаса да ойға тоқыған зерделі қарапайым жан болса анасы Мағпира да сөзге шешен болыпты.Ұлы көш басталған сонау алмағайып кезеңдерде 1993-інші жылы Ресей елі Таулы Алтай өңірі Қош- ағаш ауданы Жаңа-ауыл селосындағы орта мектептің 9-ыншы сыныбын 1995-інші жылы Қазақстан елі Талдықорған қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы 19-ыншы мектеп-гимназиясынан 11-інші сыныпты тәмәмдаған. 2001-інші жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірген.Мамандығы тарих пәнінің оқытушысы.
Өлгий қалалық Кәсіптік оқыту өндірістік орталығында қоғамтану пәнінің ұстазы болды. Қазақстанда әрі аймағымызда жүрілген жыр мүшәйралардың жеңімпазы. «Ай тамшысы» /2009/, «Аққулар оралғанда...» /2016/, «Қожаберген» (поэма) /2018/ жыр жинақтарының авторы. Моңғолдың әйгілі ақын, жазушылары О.Дашбалбар, Б.Явуухулан, Цэдэндорж, Р.Чойном, Б.Цогзаяабаатар қатарлы тағы басқа көптеген ақындардың жырларын қазақшаға тәржімалаған. Моңғолия Жазушылар Одағының О.Сэр-Од атындағы поэзиялық сыйлықтың иегері. Баян-Өлгий аймағының Қазақ Қаламгерлері одағының жанынан құрылған «Шамшырақ» әдеби бірлестігінің жетекшісі. Б.Жанат әке жолымен Абай, Ақыт жырларын санасына толық сіңірген, көптеген әдеби сараптамалар жасап жүрген ақын болды.
Ақын 2020 жылы дүниеден өтті.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
