Адамбаев Балтабай
Ақын, фольклоршы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысына қатысушы АДАМБАЕВ Балтабай Әбідрахманұлы. 1919 жылы 24 қыркүйекте бұрынғы Сырдария облысы Шымкент облысы Байқадам аулында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Сарысу аудандық газетінде, Жамбыл облыстық комсомол комитетінде, Тараз қаласының орта мектебінде жұмыс жасады. 1957 жылдан - Қазақ КСР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер. Б.Адамбаевтың өлеңдері 1938 жылдан жариялана бастады. «Сырларым», «Ақбөбек», «Аманат» «Тұлпардың ізімен», өлеңдер жинақтары мен «Жауынгер жолы» повестері мен әңгімелер жинағы, «Мәди» тарихи повесі бар. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы - шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. «Қазақ ертегілері», «Шешендік сөздер», «Ел аузынан» жинақтарын құрастырған. «Халық даналығы», «Қазақтың шешендік сөздері» зерттеулерін жазды. Екі мәрте ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
Көрнекті филолог ғалым 1990 жылы 12 қазанда Алматы қаласында өмірден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
